Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2023
«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның Ассоциация кеңесінің мүшесі
«Меншік Құқығын Қорғау Одағы» ҚБ» ЗТБ-ның инновациялық комитетінің төрағасы Ассоциация кеңесінің мүшесі
|
Тұрғылықты жері: Қазақстан, Алматы, Төралқа1982 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласында туылған. Мектепте оқып жүрген уақытында 1998 жылы ҚР МАНШ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ дәрежелі дипломмен және 1999 жылы Республикалық физика бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияда І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде «Инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша оқыды. Ресей ТЖМ МӨҚ университетін «Ақпараттық қауіпсіздік маманы» мамандығы бойынша оқып бітірді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы еңбек өтілі 16 жылдан асады. 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін «INCOM» ЖШС техникалық директоры қызметінде еңбек етті. 2005 жылдан 2011 жылға дейін «SPACE.KZ» ЖШС байланыс операторының бас директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Меншік Құқығын Қорғау Одағы» ҚБ инновациялық комитетінің төрағасы болып жұмыс істейді. Ғылыммен айналысады, ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы бойынша диссертация қорғауға дайындалуда. Телекоммуникациялар және байланыс саласындағы беделді маман болып табылады. «KAZ.KZ ұлттық ақпараттық іздеу жүйесінің» әзірлеушісі әрі басшысы болып табылады. IT AWARDS KAZAKHSTAN 2009 Республикалық байқауының қорытындылары бойынша Интернет-технологиялар саласындағы жетістіктері үшін марапатқа ие болды. |