Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2023
Ассоциация Мүшелерін қабылдау Кандидаттың өтінішінің Ассоциация Кеңесімен қабылданып, Ассоциация Мүшелерінің Жалпы Жиналысының бекітуімен жүргізіледі.
Ассоциацияның Мүшесі өзінің қарауы бойынша Ассоциациядан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Ассоциацияның мүшесі шыққан сәттен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына тепе-тең түрде Ассоциациядан шығуға дейін туындаған міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді. Мүшелердің шығуы Ассоциация Президентіне өтініш беру негізінде жүргізіледі.
Ассоциация мүшесі Ассоциацияның мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келетін қызметті атқарғаны үшін, Ассоциацияның Жарғысын, Құрылтай шартын, Ассоциация қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бұзғандығы үшін Ассоциацияның жалпы жиналысына Ассоциацияның қатысқан мүшелерінің жалпы дауыстарының шешімі бойынша оның құрамынан шығарылуы мүмкін.
Ассоциацияның мүшелігінен шыққан немесе шығарылып жіберілген тұлғалар жарна ретінде төлеген ақшаларын қайтаруды талап етуге құқылары жоқ.
Ассоциация Мүшелері құрамынан шығып кеткендер Мүшелер құрамына бір жылдан кейіннен ерте емес мерзімде ғана кіре алады.
Қазақстанның Интернет ассоциациясы мүшелігіне ену туралы өтініші
Ассоциация мүшелігіне ену туралы өтініш беру үшін мына құжаттарды әкелу қажет:
Қауымдастыққа кіру жарнасы және мүшелік жарналар 2015 жылдың "22" желтоқсаннан бастап, Жалпы жиналысының мүшелерінің шешіміне негізделген. Мүшелік жарналар жоқ. Өтініш берілген күнге кіру жарнасы 100 АЕК-ке тең.
Қауымдастық мүшелеріне кіруге өтініш берген ұйым, шешім күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімі негізінде, кіру жарнасы бір төлем сомасын төлейді.
Қауымдастық мүшесі мен Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, 2016 жылдың 1қаңтардан бастап жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу жүргізілмейді.