Басты » Ассоциация туралы » Басқару органдары » Ассоциация Президенті

Ассоциация Президенті

«Қазақстан интернет ассоциациясы» ЗТБ Президентінің  Сабиров Шавкат

 

 

Ассоциацияның Президенті үш жыл мерзімге заңды тұлғалар – Ассоциация Мүшелері жұмыскерлерінің басшыларының қатарынан жалпы жиналыспен сайланады. Ассоциация Президентінің жанында атқарушы директордың танытуында атқарушы дирекция құрылады.

 

 

Президенттің құзіретіне келесілер жатады:

  1. Жалпы жиналыстар аралғында Ассоциация Кеңесі мен Ассоциация қызметіне жалпы басшылық ету;
  2. Жалпы жиналыстың шешімдерін орындау;
  3. Қызмет жоспарларын мен Ассоциацияның атқарушы дирекциясының штат кестесін және оны қамтамасыз етудің сметасын жасау;
  4. Ассоциацияның кезекті және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру, жалпы жиналыстың күн тәртібін жасау;
  5. Ассоциацияның кезекті және кезектен тыс Ассоциация Кеңесінің мәжілісіне шақыру, Ассоциация Кеңесінің күн тәртібін жасау;
  6. Президент сенімхатсыз және Жарғының негізінде Ассоциацияның атынан әрекет етеді, жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынаста оның мүдделерін танытады. Өзіне берілген құқықтардың шегінде Ассоциацияның атынан әрекет етеді, жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынаста оның мүдделерін танытады. Өзіне берілген құқықтардың шегінде Ассоциацияның мүлкіне және ақшасына өкімдік етеді, банктерді және несие мекемелерінде есеп және басқа шоттар ашады, шарттар, соның ішінде еңбек шарттары жасайды, сенімхаттар береді, бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
  7. Кем дегенде жылына бір рет жалпы жиналыстың алдында Ассоциация қызметінің нәтижесі туралы есеп береді;
  8. Ассоциацияның жалпы жиналысы мен Кеңесінің ерекше құзіретіне жатқызылғаннан басқа, Ассоциация қызметінің басқа да мәселелері.

 

Президент өз міндеттерін орындаудан нақты бас тартатын күніне дейін бір айдан кешіктірмей Ассоциация Мүшелеріне жазбаша нысанда хабарлап, өз міндеттерін орындаудан бас тартуға құқылы.