Басты » Ассоциация туралы » Біздің міндетіміз

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі туралы

2009 жылдың мамырында жаңа коммерциялық емес ұйым - «Қазақстанның интернет ассоциациясы» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің құрылтайшылары болды.Ал 2009 жылдың  3 маусымында «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ мемлекеттік органдарда ресми тіркелді.

 

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ-ның қызметі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Аззаматтық кодесі, ҚР Азаматтық іс-жүргізу кодексі, Әкімшілік құықбұзушылықтар туралы ҚР Кодексі және басқа нормативтік құқықтық актілермен реттеледі

 

 

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ-ның міндеттері:»


  1. Интернет қызметі қазақстандық нарығы қатысушыларының мүддесін мемлекеттік билік органдарында ұсыну;
  2. Интернет қызметтері қазақстандық нарығының жетістігін халықаралық деңгейде ұсыну, қазақстандық интернет компаниялардың халықаралық жобаларға белсенді қатысуына көмек көрсету;
  3. Интернет қызметті ұсыну сапасы стандарттарын орнату мен дамыту;
  4. Интернет саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге көмек көрсету;
  5. Электрондық бұқаралық ақпараттық құралдарды (БАҚ) және Қазақстан экономикасының маңызды секторы ретінде бұқаралық коммуникация құралдарын (БКҚ) қосқанда интернет қызмет нарығын дамыту;
  6. Халықтың электрондық технологияларға сенімін арттыру, рекламаны ұсынушылар мен инвесторлар үшін интернет қызметі нарығының тартымдылығын арттыру;
  7. Интернет қызметі нарығының даму саласында қазақстандық және әлемдік тәжірибені үйрену және жүйелендіру;
  8. Интернет-сервистерді сертификаттау;
  9. Интернет тақырыптары бойынша симпозиумдар, форумдар, білім беру, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру мен өткізу;
  10. Интернет қызмет саласында қазақстандық мамандардың кәсіби құзырының жоғары деңгейін сақтау мен қол жеткізуге көмек көрсету.