Хабарландыру

Барлығы
Басты » Ассоциация туралы » "ҚИА" ЗТБ серіктестері

"ҚИА" ЗТБ стратегиялық серіктестері

"Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" ЗТБ серіктестері болып телекоммуникация саласындағы, интернет-кеңістігінің анализі мен зерттеуімен айналысатын компаниялар табылады. Көптеген компаниялармен серіктестікте ҚИА ЗТБ интернет нарығын дамытуда көптеген шаралар өткізеді.

 

 


Kcell және Қазақстанның Интернет Ассоциациясы интернеттегі қазақ тілінің даму мәселелерінде тығыз жұмыс істеседі.

Ынтымақтастық аясында Drupal, Wordpress, Joomla сияқты танымал бірнеше CMS қазақ тіліне аударылды. Сонымен қатар қазақ тілінде сайт құруды танымалдандыру мақсатымен және сайт құруды үйренем деушілерге вебмастеринг технологиялары және веб-технологиялар туралы айтатын бірқатар скринкастылар жасалды.

Интернеттегі қазақ тілін пайдалану, әсіресе, сайттарды құру саласындағы танымалдандыру бойынша біріккен жұмыс желінің қазақстандық сегментіндегі қазақ тілді мазмұн мөлшеріне жағымды әсерін тигізеді.


 

 

Қазақстанның Интернет Ассоциациясы және IDC интернет-нарықты зерттеу саласында ынтымақтасады.

Интернеттің соңғы жылдардағы дамуы оның коммерциядан бастап қайырымдылыққа шейін экономиканың барлық саласындағы рөлін арттырды. Интернеттегі электрондық коммерция, экономикалық және әлеуметтік құбылыстарының дамуын білу мақсатымен оны мониторингілеу еліміздегі оқиғалардың жалпы мониторингісінің маңызды саласы болып табылады.


 

 

Қазақстанның Интернет Ассоциациясы Қазақтелеком АҚ-мен интернеттің қазақстандық сегментін дамыту мәселелерінде тығыз қызметтеседі.

Мысалы, әлеуметтік-пайдалы интернет-ресурстары үшін тегін және жеңілдігі бар хостингтік жағдай жасалуда, қазақстандық интернет-ресурстарын танымал ету бойынша біріккен шаралар өткізіледі.