Басты » Қызметі

«Қазақстанның Интернет Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің қызметі

Ассоциация қызметінің мәні

  • интернет саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қызмет көрсетуде Ассоциация мүшелерінің мүддесін ұсыну, Республиканың заң актілерін әзірлеу мен өзгерістер енгізудегі бастамаларға қатысу;
  • басқа интернет технологиялармен ықпалдасу үрдісіне көмек көрсету мен оларды пайдалану саласын кеңейту мақсатында Ассоциация мүшелерімен әзірленетін, жүзеге асырылатын, орындалатын және қызмет көрсетілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметті танымалдандыру;
  • ғаламдық Интернет желісі қазақстандық сегментінің KZ домендік атын дамытуға, қалыптастыруға және басқаруға көмек көрсету;
  • қазақстандық бағдарламалық өнімдер мен жаңа әзірлеулерді интернет- технологиялардың әлемдік нарығына шығаруға көмек көрсету;
  • инернет-технологиялар саласында халықаралық және қазақстандық қоғамдық мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар арасындағы байланыстың дамуына көмек көрсету;
  • Интернет мәселелеріне қатысты дөңгелек үстелдер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу мен оларға қатысу;
  • Халықаралық ұйымдарда (ICANN)Ассоциация мүшелерінің мүдделерін ұсыну

Қызметтің бағыты

ҚИА алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді есепке алумен қызметтің келесі бағытын дамыту жоспарлануда:

  • Мүдделі мемлекеттік органдары, жергілікті басқару органдары және мекемелермен өзара әрекеттесу (комиссияларға қатысу; нормативтік құқықтық актілер жобаларын, әрекеттегі нормативтік құқықтық актілерге түзетулерді әзірлеуге қатысу, заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар үшін ұсынымдарды әзірлеу мен талдамалы зерттеулерді жүргізу).
  • Аймақтық қызмет (инфраструктураны дамыту, бірегей аймақтық жобалар мен технологияларды іздестіру және бағалау, тәжірибе алмасу, сервистер мен контенттерді дамыту, сертификаттау).
  • Халықаралық қызмет (қазақстандық интернет-қызмет нарығының қатысушыларын халықаралық деңгейде ұсыну; Қазақстан Республикасы аумағында шетел фирмалары, заңды тұлғалар ұйымдарының мүддесін ұсыну).
  • Талдамалы қызмет, консалтинг (зерттеулер, сұрастыру, талдама; іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, офлайндық іс-шаралар құрамында интернет-секциялар мен өзгелер, семинарлар, таныстырылымдар; мониторинг технологиялары).
  • Ағарту қызметі мен ақпараттық технологиялардың танымалдығы (БАҚ-тағы циклдық бағдарламалар: радиобағдарламалар, телебағдарламалар, жеке интернет-сайттарды қолдау; семинарлар, форумдар, аймақтық филиалдар, бірлескен және басқа ұйымдармен серіктестік іс-шаралар, ақпараттық компьютерлік технологиялар саласында қағамдық маңызды жобалар)
  • Қайырымдылық шараларға қатысу (интернет саласында қайырымдылық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, грант жүзінде бөлінетін қаражат тарту, гранттар тағайындау, өзге)
  • Басқа бағыттар (Интернет желісі қазақстандық сегменттің дамуына қосқан үлес үшін әртүрлі сыйақы ұйымдастыру, ақпараттық компьютерлік технологиялар саласындағы жетістіктер үшін наградалар, дипломдар, кеуде белгілерін тағайындау мен тапсыру, қызметкерлерді үйрету, инновациялық енгізулік, ұйымдастыру және өзге делдалдық қызмет көрсету, ҚИА жарғылық қызметінің сәтті жүргізілуіне кепілдеме беретін жеке материалдық қор құру).

ҚИА басқа елдердің осындай ұйымдарымен сәтті өзара әрекеттесті, мысалы, Ресейлік РАЭК (www.raecs.ru) және РОЦИТ (www.rocit.ru)немесе Украинаның Интернет ассоциациясы(inau.org.ua).