Басты » Қызметі » Дөңгелек үстел » Қауіпсіз Казнет

ҚИА Казнет интернет-кеңістігін қауіпсіз етуге ұмтылуда бизнес және қоңамды бірлестіруде

2011 жылы желтоқсанның 8-жұлдызында Алматыда (Байтұрсынов к-сі, 113, Сатпаев к-сі қиылысы, «Интеротель Астана» қонақ үйі, «Құрылтай» залы) «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «GSM Kazakhstan» ЖШС, KCell сауда белгісімен, көмегімен «Қазақстанның интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік: қоғам және бизнестің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Талқылауда  мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» ХДП, байланыс операторлары, хостинг-провайдерлері мен қазақстандық көш бастаушы интернет-ресурстары өкілдері қатысты. Олар Интернет желісінің қазақстандық сегментінің барлық қатысушыларының күштерін заңсыз контентке қарсы күресу мақсатымен біріктіру бойынша жұмыс бағыттарын біріге анықтаған.

 

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ (бұдан кейін ҚИА) негізгі мақсаттарының бірі болып, әсіресе тез қабылдайтын өсіп келе жатқан ұрпақты, Интернеттегі зорлық-зомбылықты, нашақорлық, порнография, экстремизм мен терроризмді насихаттаудан қорғау болып табылады.

Бұл мәселенің шешіміне 2010 жылдың маусымындағы Қазақстанның 15 байланыс операторлары мен хостинг провайдерлері қол қойған «Қауіпсіз интернет туралы» Декларациясын қабылдау жәрдем болу керек еді. Бұл келісім ақпараттық-технологиялық қарым-қатынастарын реттейтін ҚР заңдарын қолайлы пайдаланудың негізгі принциптерін орнату, Интернеттегі заңсыз контентке қарсы күресті құқық қорғау органдарын, хостинг провайдерлер және байланыс операторларын бағыттау арқылы бірегей жолдарын табу мүмкіндігін береді.

 

Мысалы, ішкі істер Министрлігінің қылмыстық полиция Комитетінен берілген ақпарат бойынша 2010 жылы ақпараттық технология саласында 1800 құқық бұзушылық орын алған. Компьютерлерге заңсыз қол жеткізген үшін (15 оқиға орын алды) 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды, контрафакты өнімді орындағаны үшін (81 оқиға орын алды), арнайы техникалық құралдарды заңсыз орындағаны үшін (6 оқиға орын алды), басқа біреудің есебіне интернетті пайдаланғаны үшін (21 оқиға орын алды). Порнографияны таратумен күрес оперативті шарасы барысында 61 іс қозғалды, зорлық-зомбылық таратуда 4 қылмыстық іс қозғалды.

 

Сол мақсатпен safekaznet.kz,интернет-ресурсы құрылды, оның көмегімен қолданушылар бейне-, дыбыс- және басқа ҚР заңын бұзатын немесе адамның намысына тиетін материалдарын орнататын Казнет веб-ресурстарына сілтемелері бар хабарлама қалдыра алады. «Ыстық желі» мамандары хабарламаны қарастырып, көрсетілген конттентке ақпараттық және техникалық анализ өткізіп, бұзушылықтар табылған жағдайда сол интернет-ресурс иесіне немесе сәйкес хостинг-провайдерімен қажетті әрекет қабылдау мақсатымен байланысады. Бұл қызмет хабарлама жіберушінің барлық жеке ақпараттарының құпялылығына толығымен кепіл береді!

 

«Біздің әлеуметтік мекеме Safekaznet.kz ресурсын ұйымдастыра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күрес бойынша нақты әрекет қолданамыз - деп мәлімдеді ҚИА президенті Владимир Туреханов. – Және бұдан әрi ҚИА бұл бағытта белсенді жұмыс істейді. Заңсыз контентпен қолданушылар, байланыс операторлары және мемлекет барлығы бірігіп күрескені дұрыс».

Интернет байланысының мобильді және кеңжолақты қолжетімділігі дамыған сайын «ата-аналық бақылау» қызметін енгізу мәселесі маңызды болып тұр, себебі қазіргі балалар үшін интернет олардың өмірінің ажырамас бір бөлігі болып кетті. Сонымен қатар, байланыс операторлары мен хостинг-провайдерлер пікірлері бойынша, Казнеттегі заңсыз контент мөлшерінің үлесін жағымды ақпараты және пайдалы қызметтері бар сапалы ресурстарды дамыту арқылы төмендетуге болады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай шаралардың қоғамдық талқылау үшін дәстүрлі орны, ал Safekaznet.kz қызметі мемлекеттік, бизнес, қоғамдық өкілдерінің Интернеттегі заңсыз контентке күрестегі белсенді әлеуметтік жауапкершіліктерін білдіру және бірегей ұсыныстар беретін жері болатынына үміттенетіндерін білдірді.