Басты » Қызметі » Заң шығару » "Зияткерлік меншік құқығы бойынша" заң

"Зияткерлік меншік құқығы бойынша" заң

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-да Интернеттегі зияткерлік меншік құқығы туралы мәселелер жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Интернет ассоциациясы мекеме мүшелерінің құқықтарын қорғайды және  контенттің авторлары мен олардың көшірмелерін түсіріп тарататындардың арасында құқықтық қарым қатынастарды орнату нормаларын едіруді ұсынады.  Өндірушілердің авторлық құқықтары мен зияткерлік меншігіне құрметпен қарау қажет.


Интернет ассоциацияның пікірінше, заңда авторлар мен құқық иеленушілерге өз құқықтары үшін күресуге арналған пункттер қарастырылған. Интернет ассоциациясының мүшелері интернет желісінің қазақстандық сегментін дамуына қауіп төндіретін оқиғаларға жол бермеу үшін интернеттегі авторлық құқық мәселелерін белсенді талқылауда.

 

Таяуда Елбасының жарлығымен, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң, қол қойған күннен бастап 10 күн аралығында өз күшіне енді.

 

 

Tалқылану аяқталды