Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2010
Ассоциация Мүшелерін қабылдау Кандидаттың өтінішінің Ассоциация Кеңесімен қабылданып, Ассоциация Мүшелерінің Жалпы Жиналысының бекітуімен жүргізіледі.
Ассоциацияның Мүшесі өзінің қарауы бойынша Ассоциациядан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Ассоциацияның мүшесі шыққан сәттен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына тепе-тең түрде Ассоциациядан шығуға дейін туындаған міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді. Мүшелердің шығуы Ассоциация Президентіне өтініш беру негізінде жүргізіледі.
Ассоциация мүшесі Ассоциацияның мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келетін қызметті атқарғаны үшін, Ассоциацияның Жарғысын, Құрылтай шартын, Ассоциация қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бұзғандығы үшін Ассоциацияның жалпы жиналысына Ассоциацияның қатысқан мүшелерінің жалпы дауыстарының шешімі бойынша оның құрамынан шығарылуы мүмкін.
Ассоциацияның мүшелігінен шыққан немесе шығарылып жіберілген тұлғалар жарна ретінде төлеген ақшаларын қайтаруды талап етуге құқылары жоқ.
Ассоциация Мүшелері құрамынан шығып кеткендер Мүшелер құрамына бір жылдан кейіннен ерте емес мерзімде ғана кіре алады.
Қазақстанның Интернет ассоциациясы мүшелігіне ену туралы өтініші
Ассоциация мүшелігіне ену туралы өтініш беру үшін мына құжаттарды әкелу қажет: 
Ассоциацияға кіру жарнасы мен мүшелік жарналары ұйым жұмысшыларының санына негізделеді. Есептеу 1 Кесте бойынша жүргізіледі:
1 Кесте – ҚИА кіру және мүшелік жарна есебі
| Кіру жарнасы (бір жолғы), теңгемен | ҚИА мүшелік құны теңгемен жылына | |||
| 10 адамға дейін | 50 адамға дейін | 100 адамға дейін | 100 ден жоғары | |
| 30,000 | 30,000 | - | - | - |
| 60,000 | - | 60,000 | - | - |
| 160,000 | - | - | 160,000 | - |
| 260,000 | - | - | - | 260,000 |
Ассоциацияға мүшелікке қабылдауға өтініш берген ұйым, Ассоциация мүшелері жалпы отырысының шешімі негізінде осы Шешім шыққан уақыттан бастап 5 жұмыс күн ішінде бір төлеммен кіру және мүшелік жарналар сомасын төлейді.
Жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу Ассоциация мүшелігіне қабылдау туралы жалпы отырыс шешімі шыққан алдыңғы айдың бірінші күнінен кешіктірілмей жасалады.