Қауымдастықтың жалпы жиналысы

«ҚИА» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысы Ассоциация кеңесі мен президентін 3 жыл мерзімге Мүше заңды тұлғалардың жетекші қызметкерлері қатарынан сайлайды. Ассоциация президентінің жанында атқарушы директордың жүзінде атқарушы дирекция құрылады. Атқарушы дирекцияның қызметкерлері мүшелердің жалпы жиналысымен бекітілген штаттық кесте мен сметаның шегінде Ассоциация президентімен келісім шарт негізінде қабылданады.


Ассоциацияның Жалпы жиналысы Ассоциация қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

  

Жалпы жиналыстың жеке құзырына келесі мәселелер жатады:

 

1) Ассоциацияның құрылтайшы құжаттарын қабылдау мен бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) Ассоциацияны ерікті қайта ұйымдастыру мен жою;

3) Ассоциацияны жойғаннан кейін қалған мүлікті үлестіру тәртібін белгілеу;

4)   атқарушы органдардың қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімін, сонымен қатар бақылау органымен тексеру жүргізу тәртібін белгілеу және олардың нәтижелерін бекіту;

5) заңнамалық актілермен белгіленген шектерде, Ассоциацияның басқа заңды тұлғалардың қызметіне және/немесе құруға қатысуы туралы шешім қабылдау;

6) филиалдар мен өкілдіктерді құру туралы шешім қабылдау, Филиалдар мен Өкілдіктер туралы ереже бекіту, олардың басшыларын тағайындау, олардың қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

7) Ассоциация қызметінің басым бағыттарын бекіту;

8) Ассациация атқарушы Дирекциясының штаттық кестесі мен оны ұстауға сметаны бекіту

9) жылдық қаржылық есептілікті бекіту;

10) Ассоциация мүшелерінің кіру, мүшелік, мақсаттық жарналарын төлеу тәртібі мен мөлшерін бекіту;

11) Ревизиялық комиссияны сайлау, оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау; Ревизиялық комиссияның есептерін бекіту;

12) Ассоциация президентін сайлау,оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау, Ассоциация президентінің тоқсан сайынғы есебін бекіту;

13) Ассоциация Кеңесінің мүшелерін сайлау, Ассоциация Кеңесінің мүшелерінің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

14) Ассоциация Кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім қабылдау.

 

Ассоциацияның жалпы жиналысы жылына ең кемінде бір рет  Ассоциация Кеңесінің шешімі бойынша Президентпен шақырылады. Ассоциацияның кезектен тыс жалпы жиналысы Президенттің, Ассоциация Кеңесі мүшелерінің бірінің немесе Ревизиялық комиссия төрағасының бастамасымен шақырылады. Жалпы жиналыс, егер оған Ассоциация мүшелері жалпы санының жартысынан көбісі қатысса құқылы болып табылады. Жалпы жиналыста Ассоциацияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Жалпы жиналыстың жұмысына қатысқан Ассоциация мүшесі өкілінің уәкілеттігі  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттармен расталуға тиіс. Жалпы жиналыстың шешімдері олар бойынша шешім жалғыз қабылдайтын Жарлық тармағының 1,2,3 тармақшаларымен белгіленген мәселелерін қоспағанда  Ассоциацияға қатысқан мүшелері даусының көпшілігімен ашық дауыс берумен қабылданады.