Басты » Жаңалықтар » Хабарландыру » Дөңгелек үстел

Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары

Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ ҚР Мәдениет Министрлігі мен «GSM Kazakhstan» ЖШС қолдауымен KCell сауда белгісімен «20 жыл: интернеттегі қазақ тілінің даму жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар интернет қоғамын сөзді қойып, іске кірісуге, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті дамытатын шынайы құралдар ұсынуға шақырды.


Талқылау барысында: интернеттегі қазақ тіліндегі контент үлесін артыру мен дамыту тенденциялары, танымал сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару, бастауыш веб-мастерлерге және программистерге қазақ тілінде жәрдем құралдарын және веб-терминдердің бірегей сөздігін жасау.

 

Дөңгелек үстелге көптеген қоғамдық бірлестіктер, танымал интернет-ресурстар, байланыс операторлары және Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел модераторы – қазақ тілін дамыту мәселесін онлайнда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік ортада көп көтерген ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Мурат Абенов. 

 

Қазіргі жағдай мен беделді ой-пікірлер:

Бүгінгі күні Қазнетте қазақ тіліндегі сайттардың саны жалпы қазақстандық сайттардың 12%-ын құрайды. Жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болып жатыр (соның ішінде қазақ тіліндегі «http://kk.wikipedia.org» энциклопедиясы), БАҚ электрондық нұсқалары дамуда, әр түрлі семинарлар, конференциялар, тренингілер, конкурстар өткізілуде, бірақ, интернет қауымының ойынша, мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру қажет.

 

Мұрат Абенов, ҚР Мәжіліс депутаты:

«Соңғы жылдары қазақ тіліндегі ресурстар саны өсу динамикасы көрініп тұр. Қазіргі таңда 70% көп оқушылар мемлекеттік тілді біледі және олар – сапалы қазақ тіліндегі ресурстардың потенциалды қолданушылары. Қазақ тілін білмейтін жастар буыны өсті, бірақта сонымен мәліметті қазақ тілінде ал алмайтындар. Бұған техникалық жағдайлар да әсерін тигізеді, қазақша интерфейсі бар сайттарды тегін құруға мүмкіншілік жоқтығынан бастап және қазақша шрифттердің мардымсыз таңдауымен аяқтап. Жаға гаджеттерде - планшет және смартфондарда көбінесе қазақша шрифтілер жоқ, және қолданушылар амалсыздан латиница немесе кириллица қолданып қателермен жазады. Отандық сайттарды қолдау мемелекеттік бағдарламасы масштабты болу керек және тек қана хостингпен шектелмеуі керек. Менің ойымша, мемлекеттік тілімізді белсеңді насихаттаумен қоса қазақ тілінде контент құруға қолайлы жағдайлар құру керек(блог, видеоблог, подкаст және тб. жүргізуді үйрететін бағдарламалар).»

 

Асхат Еркімбай, «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығының басқарушысы:

«Қазнетте қазақша ресурстарды дамытатын қауым бар деп есептеймін. Тек соларды дұрыс үйлестіретін арнайы бір бейресми ұйым қажет секілді. Әрі сол ұйымның бірден бір жұмысы қазақша контентті өз бетінше дамытып жатқандарға қаржылай және техникалық қолдау көрсету болса, іс тезірек алға басар еді. Үлкен кедергінің бірі ол қазнеттегі қазақша контентті дамытуға пейілді орта өз ішінде әзірге бірін бірі дұрыс танымайды. Сондықтан іс жүйелі түрде жүргізілмей отыр».

 

Айдос Сарым, «Абай-акпарат» (www.abai.kz) ҚҚ вице президенті:

«Мен қазақ тілді сайттар Қазнеттен тыс қалып қалды деп еспетемеймін, одан да күрделі сұрақ ол - нені біз дұрыс Қазнет деп білеміз?  Қазнет болашақта халыққа қазақ тілінде және латын қарпімен болжанады деп ойлаймын. Және осы мағынада мен орыс тілді Қазнетті дербес бір құбылыс деп есептемейтін Антон Носикпен және басқа да ресейлік интенетшілермен келісемін. Қазақ интернеті енді даму үстінде және болашақта санды да сапалы да өсетініне сенімдімін.

Қашан қазақ интернеті әуесқойлықтан нарыққа өседі? Болжауымша ол үш жылдан бес жыл аралығындағы уақытты алады. Қазақ интернеті бізге кешігіп келді, бірақ болашақта есесін қайтаратына сенемін».

 

Әлия Құрышжан:

"Қазіргі жағдайдағы ақпараттық технологиялар саласының терминдері біртұтас пайдаланбай жатқан мәселесін шешу мақсатында тіл мамандарын, кәсіби лексикограф пен ономастарды қосу керек. Жалпы тіл саласын зерттеу үшін Академияда Тіл білімі институтының ғалымдары, зерттеушілері бар. Ал Мәденииет министрлігінің Тіл комитетінің жанындағы Терминкомда арнайы мамандар бар, олармен бірігіп жұмыстарды атқаруға болады. Олар біздің тіліміздің ресми термин шығарушылары, олар қазірге дейін талай тәжірибе жинақтап отыр".

 

Руслан Минулин, Қазақстан Жастар МедияКеңесінің жобалар координаторы (Let's speak қазақша!):

«Қазақ тіліндегі ресурстарда нысаналы оқырмандар жоқ. Анда-санда өз шамданушылығын тойдыру үшін “тілді жоқтайтын” алаңдар пайда болады, алайда ол ресурстың қонақтары “жоқтаушылардың” өзі болады. Анда-санда бұл қарапайым балаларға арналған ресурс, алайда ауылдық балаларда Интернет қол жетерліксіз, демек бұл платформада старт-ап кезінен-ақ оқырмандар саны қысқартылған болады. Мен дербес сабақ оқыған мұғалімдер әдепкіде интернетте отырмайды және e-mail-ды әрең игереді (неліктен? - өте қызық сұрақ), демек қазақ тіліндегі ресурстарда мұғалімдер саны өте аз. Нақты оқырмандар - әлеуметтік жүйелерде отыратын кеңсе планктоны. Бірақ оларға көбісі назар аудармайды. Дегенмен дәл солардан бастау керек. Егер адамда Одноклассники, М-Агенте, Skype және т.б. флудқа уақыты жетсе, демек оларда қазақ тілін үйренуге де уақыты жетерлік. Алайда оны олар үшін «тәтті» қылу керек. Дәл осы жерден, дәл осы уақыттан. Біздің  Let’s speak қазақша! жобамыз Facebook-тағы СӨЙЛЕ! Club at the KIMEP атты топтың арқасында осындай заттармен айналысады».

 

Үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қаулысында 2011-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тілдердің дамуы мен жұмыс жасауының мемлекеттік бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Бағдарламаның орындалуы нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек халық санының үлеі 2014 жылға таман 20%-ды құрайды, 2017 жылға таман 80%-ды құрайды, ал 2020 жылы – 95%.

 

«...Егер 1991 жылы тек 82 басылым қазақ тілінде шығарылатын болса, бүгін олардың саны 523-ке жетті. Елімізде шамамен 80% кітап қазақ тілінде шығарылады. Егер елімізде мұнан әрі де бейбітшілік пен келісушілік болса, қазақ тілі толық күшіне енетін күн алыс емес», - деп мәлімдеді Елбасы.

 

Қазіргі кезде қазақ тілін дәріптеу мәселесі Казнетте де алдыңғы қатарда. Мәселе кешенді қарастырылады және оның шешімі насихаттауда және тілді оқу жарнамасында біртипті мәселеге айналмайды. 

 

 


Қазақ тілінде сайт құрудың қиындығы соңғы бірнеше жыл әсіресе қатты сезілуде. Қазақ тілінде сайт жасайын деген әрбір веб-мастер бүкіл интерфейсін қазақ тіліне өздігінен аударуға мәжбүр блады. Қазақ тілінде сайт жасаумен айналысқан барлық веб-мастерлер солай істеген. Бұл уақыт, күш шығынын арттырды да, жұмыстың қымбаттауына алып келді. Сонымен қатар сайтты жасаушылар өздігінен аударғандықтан терминдерді пайдалану кезінде келіспеушіліктер болды. Сол себепті қолданушы жаңа интерфейс қолданған сайын қиындықтарға тап болды» деп есептейді «Қазақстан Интернет Ассоциациясы» ЗТБ-нің Орындаушы директоры Нұрпейісов Әсет.

 

Өзгеше терминдердің аудармаларындағы келіспеушіліктер – қазақ тілінде сайт жасаушыларға өте таныс мәселе. «Oitobe.kz» сайтының проект-менеджері Жалғас Ертайдың айтуынша, «мәселе тек веб-терминдерде ғана емес, келіспеушіліктер қазақ тіліндегі барлық саладағы терминдерде бар. Бүгінгі күні осы ақпараттық технологияларға байланысты орыс-ағылшыншадан қазақ тіліне бірнеше сөздік шығарылып қойылды, бірақ түсініксіз сөздер мен аудармалар сол баспаларда да кездеседі. Мұның себебі – олардың интернет қауымының қатысуынсыз жасалуы.  Осы дөңгелек үстелде интернет белсенділері мен қазақ тілі қамқоршылары сол сұрақтарды талқылай алады. Осындай пікірталас алаңын талқылаудың нәтижелері қолжетімді бола алатын және қарапайым қолданушылар ойын тыңдау мүмкіндігі болатын желіде де ұйымдастыруға болады.»

 

«Қазақстан Интернет Ассоциациясы» KCell қолдауымен соңғы 3 айда сайттарды басқаратын танымал жүйелерін қазақ тіліне аудару жұмыстарын өткізді. Аударылған жүйелердің арасында Drupal сияқты танымал, кез-келген күрделіліктегі сайтты жасайтын тегін, Wordpress сияқты блогтарға негіз ретінде танымал сайтты басқаратын жүйелер бар. Жуырда көптеген қазақстандық сайттар сайттар жұмыс істейтін танымал Joomla жүйесі аударылатын болады. Барлық аудармалар қалаушылар үшін тегін жүктеу мүмкіндігі бар. Жақын арада жаңадан бастайтын қолданушыларға осы жүйелердің орнатылу жиыны шығарылады.

 

Бұл жоба тек қана жаңа сайт құрушыларға ғана емес, бар болған сайттарға қазақша интерфейсті еш қиындықсыз және тегін орнатуға мүмкіндік береді. Барлық материалдар(сайт орнатуға арналған жинақтар, тіл модульдері, веб-терминдер сөздігі) www.kazinternet.org сайтында орналасады.

 

Және де бастаушы веб-мастерлерге арналған қазақ тілінде бейне сабақтар түсіріледі. Бейне сабақтарда қалай әр түрлі жүйе арқылы жаңа сайтар құру, оларды қалай басқару, теңшелеу және жөндеу туралы баяндайды. Бұндай бейне сабақтар және скринкасттар әлемдік алаңда вебматстерингті үйренуге арналған ең тиімді және қолайлы көмек құралы болып саналады. Бұқ бейнематериалдар да www.kazinternet.org сайтында орналасады, сонымен қоса танымал бейнехостингтерінен(youtube.com, kiwi.kz, kaztube.kz және тб.) де таба аласыз.

 

Интерактивті және сәнде сайттар пайда болу үшін бірнеше декоративті шрифттер жасалынады. Оларды қолдану арқылы сайтыңыз тартымды болады және дизайнерлер үшін қазақша сайттар жасау тез әрі оңай болады.

 

Бұл бағдарлама бастаушы веб-мастерлерге қазақша сайттар жасау қадамдарын азайту, қазақ тіліндегі сайттар жасауды танымал ету ету арқылы интернеттегі қазақша сайттар саның арттыруды қолдайды.

 

Бұдан бөлек, интернетте қазақ тілін дамыту жолында техникалық проблемадардың ішінде бағдарламалық өнімдер аздығын, шет елдегі қазақстандықтармен хабарласу үшін шрифтті кириллицадан латиницаға, араб жазбасына транслитерациялайтын бағдарламаның жоқтығын белгілеуге болады. Және кейбір қолданушылар жазуына қарап қазақ тіліне арналған кириллицаны ауыстырмай латын алфавитін құруға болады деген ой бар. Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру интернет-қауымында әр түрлі пікірлер туғызады.

 

Интернетте қазақ тілін алға жылжытумен қоғамдық ұйымдар да айналысады. Мысалыға,  «Мінбер» қазақ журналисттерін қолдау орталығы қазақ тіліндегі контенттің экслюзивтілігіне және мультимедиялыққа көңіл бөледі. Орталық қазақ тілі журналисттеріне жаңа медиа-құралдарын қолдану әдетін дамытуға арналған тренинг және семинарлар өткізеді.

 

Мамандардың ойынша қазақ тілін дамытудағы проблемалардың бірі болып тілді қолдану және үйрету кезінде басқару тәсілдерін абсолютизациялау, соның ішінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге енгізу, бағдарламаларға уақыттық шектеу қою. Сондықтан тіл үйрену және эклюзивті контент құру мотивациясына аз көңіл бөлінеді.

 

«Мемлекетіміздің әр азаматы студент, жас жұмыскер, менеджер, отағасы, мемлекеттік қызметкер, балаларды асырайтын ана өзіне және балаларына неліктен тілді үйрену керегін түсіну керек. Тіл үйренуге түсінікшілікпен қараған кезде ғана еңбегіңіз сәтті болады. Мен не айтқанымды білемін, себебі өз басым бірнеше тілді меңгергенмін», - деп ҚР премьер-министрі Карим Масимов өз блогында жазды.

 

Мысалға, қазақ тілін үйренудегі белсенді өмірлік ұстаным болып Қазақстан Жастар Медиа Одағының бастауындағы журналистер Руслан Минулин және Светлана Галиеваның «Let’s speak қазақша!» жобасы бар. Жоба идефиксы – трлингвизм және қазақ тілін үйренуге мотивацияны ең алдымен журналистер арасында арттыру. Жобаны құрушылар қазақ тілінде  сөйлесуді Интернет алаңымен қоса оффлайнда да жалғастыру.

 

Ұйымдастырушылар дөңгелек үстелде қазақ тіліндегі контент проблемаларын және перспективаларын бірігіп талқылау арқылы интернет-қайраткерлерін бірігіп мемлекеттік тілімізді Казнетте таратуға екпіндетер деп үміттенуде.

 

«Қазақстан Интернет Ассоциациясы» ЗТБ 2009 жылдың шілде айында барлық қазақстандық интернет-қызмет нарық қатысушыларын бірлестіру, инновациялық интернет-тенхнологияларын коммерциялық, әлеуметтік және мәдени орталарға енгізуге көмек көрсету және қатысушылар мүддесін мемлекеттік билік органдар алдыда қорғау мақсатмымен құрылды.

 

Байланыс ақпараттары:

Нурпеисов А.К. – ҚИА атқарушы директоры

Тел: +7 (701) 921-01-82

Nurpeisov@gmail.com  

www.iak.kz