Басты » Жаңалықтар » Хабарландыру » ВИКИПЕДИЯДАҒЫ ҚАЗАҚША мақала саны 100 000-нан асты

ВИКИПЕДИЯДАҒЫ ҚАЗАҚША мақала саны 100 000-нан асты

2011 жылдың 2-қарашасы, сағат 10.30-да Алматы қаласындағы Қазақстандық Баспасөз Клубында (Самал-2 ықшам ауданы, 58-үй, "СӘТТI" бизнес орталағы, 2-қабат) “Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, “WikiBilim” қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы, “Қазконтент” АҚ-мы басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков,  “Қазақ энциклопедиясы” редакциясы мен жобаға демеуші компаниялардың өкілдері қатысты.