Басты » Жаңалықтар » Хабарландыру » Дөңгелек үстел

“Аймақтағы интернет-журналистика және блогерлер дамуы”

10 қазан күні, сағат 11:00-де, "Серік Сапиев атындағы бокс орталығында" (кіші конференц-залы) “Аймақтағы Интернет-журналистика және блогерлер қауымдастығының дамуы” атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты аймақтағы интернет-журналистиканың, блогерлер қауымдастығының және медиа жобалардың дамуындағы өзекті мәселелерді талқыға салу. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен “Қазақстанның Интернет Ассоциациясы” болып табылады.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:

  • •  аймақтық БАҚ-ң даму бағыттары;
  • •  дәстүрлі БАҚ онлайнға өту мәселелері;
  • •  Интернет желісіндегі журналисттер қауымдастығының дамуы;
  • •  блогерлер қауымдастығы формасындағы жаңа журналистиканың дамуы.

Аталған іс-шараға БАҚ өкілдері, блогерлер, медиа сарапшылар және «Қазақстанның Интернет Ассоциациясының» өкілдері қатысты.

 

Ұйымдастырушылар туралы қысқаша ақпарат:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, ақпарат аясында, этноаралық татулықтың, ішкі саяси тұрақтылықтың, тілдер, архив және документацилардың, мемлекеттік рәміздердің, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемелекеттік органы.

 

"Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" ЗТБ

"Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі - бұл желінің қазақстандық сегментінің инфрақұрылымын жақсарту, ортақ ережелер құру және индустрияда бар мәселелерді анықтау бойынша бірлескен жұмыс үшін Қазақстанның интернет-қауымын нығайту мақсатында құрылған бірлестік. Сонымен қатар интернет-кеңістігін зерттеу және оның мониторингінің оның дамуының жалпы көрсеткіштерін анықтау, негізгі тенденцияларды шығару және даму жолдарын болжау үшін айтарлықтай маңызы бар қоғамдық ұйым.

 

Өткізілетін орны: Қарағанды қ., «Серік Сапиев атындағы бокс орталығы»

Уақыты: 11:00-13:00

Қазақстанның Интернет Қауымдастығының баспасөз қызметі

Тел.: +7 701 805 39 97

Email: office@iak.kz