Басты » Жаңалықтар » Сұхбат » Заң барлығына бір

Заң барлығына бір

Авторлық құқық үшін күрес Қазнетті екіге бөлді. Бірінші топ авторлық құқықты сақтап, бұл үшін ешқандай алаңдамайды. Екінші топ -  төрт ірі қор – оларға екі жыл уақыт беруді сұрап, содан кейін ғана заңды өмір сүруді бастамақ. 

 

Олар байланыс және ақпарат министрі, премьер-министр мен депутаттарға ашық хат жолдады. Қарапайым тілмен бұл үндеуді былайша жеткізуге болады: бізге ақша табу үшін пираттық контентті пайдалануға екі жыл беріңіздер, одан кейін біз заңды ережелерге өтеміз. Меніңше бұл дұрыс емес. Бүгінде Казнеттің басым бөлігі заңды сақтап, адал жұмыс істеуде. Неге басқаларға ерік беруге болады? Заң барлығына бір ғой.

 

Бүгінде бұл мәселені тек желідегі форумдарда ғана емес, офлайндарда да белсенді талқылауда. Жақында саяси шешімдер институтында «дөңгелек үстел» өтті. Мен де сол іс-шараға қатыстым, алайда неліктен бүгін емес ертең авторлық құқықты сақтауға болмайтындығы туралы нақты түсінік ала алмадым. ҚИА заң жобасына берген ұсынысы интернет қорлардың жағдайын нашарлатады дейді. Мен, «ең болмағанда олардың жағдайын нашарлататын бір тармақты атаңдар», деп тура сұрадым. Өкінішке орай жауап болмады. Болмайтын да сияқты. Менде, адамдар шындыққа ұласпайтын ақпаратты әдейі таратады деген ой қалыптасты. Жалпы қызық жағдай. Әйгілі сайттардың басым бөлігі пираттық контентсіз де әрекет етуде. Өздеріңіз қараңыз: kolesa.kz, krisha.kz, zakon.kz, vse.kz, kino.kz және көптеген басқалар да заңды орындауда. Ия, әрине, пираттық контенттік орналастыру пайдалы нәрсе. Пайдаланушы, мысалы фильмді тегін көшіріп алуға болатын жерге қуана барады. Осының арқасында аудитория көбейіп, тиісінше қордағы жарнама да қымбаттайды. Бірақ бұл – заңсыз бизнес. Егер бизнес бастапқыдан пираттық контентте қалыптастырылса, ол не жабылуға, немесе заң бұзудан бас тартуға тиіс. Осымен бітті. Оның үстіне қолданыстағы заң құқық иелерінің құқығын бұзғандарды жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Менің білуімше, қазір Өскеменде құқық иелерінің тиісті рұқсатысыз фильмдер таратылған интернет қорларының иелеріне қарсы талап қаралуда. Сондықтан, жаңа заң күшіне енген соң ғана Қазнетте тәртіп орнатады деп ойлауға болмайды. Тәртіпті орнатуда. Және екі жыл уақыт беру көмектеспейді. Жалпы «дөңгелек үстелде» өте қызық салыстыру айтылды. Ұрылар прокурорды өтінген секілді: екі жыл Қылмыстық кодекске қарамайықшы, біз әзірге ұрлап алайық, содан кейін түзелеміз. Күлкілі есітіледі.

 

Бүгінде авторлық құқықтар жөніндегі заң жобасы мәжілісте, белсенді талқылануда. Ең бастысы – мүдделері қарақшылық бизнеспен байланысты емес қарапайым азаматтардың біздің тарапымызға өткенін қалаймыз. Барлығы ноутбукті немесе ұялы телефонды ұрлауға немесе рұқсатсыз алуға болмайтындығын жақсы түсінеді. Бұл қылмыс. Ендеше, неліктен біреудің зияткерлік меншігімен рұқсатсыз пайдаланып, одан ақша жасап және жауапкершілікке тартылмауға болады? Бұл заң бұзушылық! Өте жақын арада біздің пайдаланушылардың мұны түсінетініне сенімдімін. Жәй ғана осы күннің ертерек келуін қалаймыз.

 

Владимир ТӨРЕХАНОВ, «Қазақстан интернет ассоциациясы» ЗТБ президентінің м.а.

Дерекнама: www.liter.kz