Басты » Жаңалықтар » Сұхбат » Қолданушылар үшін жауапкершілік

«Қазақстан Интернет қауымдастығының» жетекшісі Шавкат Сабиров: ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ФАЙЛДАРДЫ ЖҮКТЕП-КӨШІРГЕНІ ҮШІН ЖАЗАҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ

1 ақпаннан бастап «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы күшіне енді, бұл заң авторлық құқықты, соның ішінде, интернеттегі авторлық құқықты қорғауды күшейтуге бағытталған. Аталған заң трекерлер арқылы аудио және бейнефайлдарды жүктеуге тыйым салынатыны тақырыбын көпіртіп талқылаған, бұзушыларға айыппұл салынып, техникасы тәркіленеді деген интернет пайдаланушылардың арасында даурықпа тудырды. Шын мәнінде солай ма, интернет пайдаланушылардың өмірі енді қалай өзгеретіні туралы «Қазақстан интернет қауыдастығы» ЗТБ президетінің міндеттерін атқарушы Шавкат Сабиров айтып берді.

 

Шавкат Омарұлы, жаңа заң күшіне енгеннен кейін трекер арқылы музыка, фильм сияқты ақпараттарды жүктеп-көшіруге тыйым салынатыны рас па?

 

- Мұндай даурықпаны «қарақшылық» бизнеспен айналысатын компаниялар тудырып отыр. Олар өткен жылы заң жобамен белсенді түрде күресе бастаған болатын, бізге «кір» жаққысы келген, ел басшыларына ұйымдасқан түрде хат жазып, тіпті өз ұйымдарын ашқан, біз солардың қыспағында қалдық. Қазір қарақшылармен жүргізіліп жатқан күрестің екінші және соңғы кезеңі жүріп жатыр деп үміттенемін. Бірақ бұл күресіміз Сомалидағы қарақшылармен күреске ұқсайды. Заңда жүктеп-көшіруге тыйым туралы сөз жоқ. Ең алдымен, заң өз өнімін шығаратын қазақстандық шығармашыл адамдардың авторлық құқықтарын қорғауға бағытталған, бұл - композиторлар, ән мәтіндерінің авторлары, жазушылар, фотографтар, журналистер, операторлар және т.б. Заңда патенттік қызмет пен оның сенімді тұлғалары қызметінің тәртібі сипатталған, тауар белгілері және авторлық құқық объектілері туралы айтылады. Жалпы, бұл еліміз үшін өте маңызды және қажет заң. Зияткерлік меншік құқықтары болмаса, «Интеллектуалды ұлт -2020» құру мүмкін емес.

Заң қарақшылық контенттің көзі болып отырғандармен, бұдан басқа, біреудің еңбегі мен идеяларының арқасында пайда көріп отырғандармен күреске бағытталған. Мысалы, қазақстандық белгілі бейнепортал белгілі бір қазақстандық телеарнаның авторлық бағдарламасын трансляциялайды. Оны көргені үшін ешкім ақша төлемейді, бірақ күніне бірнеше мың адам кіретін бұл парақшада көп көлемде жарнама жарияланады. Бұл жарнама – кез-келген телеарнаның немесе бағдарлама авторының ақшасы. Яғни, интернет пайдаланушы бағдарламаны көру үшін сіздің сайтқа кірмейді, ол сіздің ақпаратты жарияланған сайтқа кіреді. Ресурстың иесі сайтқа кіретіндердің артқанын пайдаланып, жарнама берушілерді тарта бастайды. Сөйтіп, жарнама жариялағаны үшін ақша алады, ал шын мәнінде, бұл ақша телеарнаға немесе бағдарлама авторына берілуге тиіс. Дәл осы себепке байланысты осындай қарақшылық контенттің салдарымен күреспей, оның көзін құрту керек.

 

- Заңды бұзушыларға қатысты, бұл жағдайда қарақшылық контент көздеріне қатысты қандай шара қабылданатын болады?

 

- Біздің ұсынысымыз бойынша, ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне «ескерту» деген түсінік енгізілді. Осылайша, ресурс иесіне заңсыз пайдаланылатын авторлық құқық объектісін сайттан алып тастауға мүмкіндік беріледі. Бұл жерде тым артық кетпеген маңызды. Ресурс иесі орындамаса, осылайша заң бұзса, оны жазаға тартатыны сөзсіз. Заң бұзғаны үшін 10-нан 800 АЕК-ке дейін (1АЕК-Т1618) «жеңіл және ауыр» айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту және мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қалай болғанда да, айыптылық деңгейін немесе жауапкершілігін сот анықтайды.

 

- Ал егер қазақстандық авторлардың құқығын шетелдік интернет-ресурс бұзатын болса?

 

- «БАҚ туралы» заңға арнайы түзету енгізілді, 24 баптың 3 тармағында біріншіден,  интернет-ресурстың меншік иесі қазақстандық заңнаманы сақтауға міндетті деп жазылған. Еліміздің заңдарын бұзатын шетелдік БАҚ-тардың өнім таратқаны үшін қарақшылық контенті бар ресурстарға кіру мүмкіндігі шектетіледі. Мысалы, ән авторларымен келісімсіз қазақстандық әндерді тарататын екі-үш интернет-ресурс бар. Мұндай ресурстар қазақстандық өндірушілердің мүдделеріне тікелей тиіп отыр. Мұндай сайттарға кіру мүмкіндігін шектеу керектігі сөзсіз.

 

- Бұл қарақшылық ресурстардың баламасы бар ма? Өз контентіңді, өз қызметіңді заң шеңберінде сақтап қалуға мүмкіндік бар ма?

 

- Балама қашан да бар. Мысалы, iPhone пайдаланушылары музыка, рингтон, бағдарламаларды және т.б. жүктеп-көшіргендері үшін 150 теңдеген аз төлейді. Бұған ешкім де таң қалмайды, бұл қалыпты жағдай. Бірақ қазақстандық авторлардың әндері үшін ешкім ақша төлемейді. Олардың американдық әндерден несі кем? Неліктен қазақстандық авторларға да өз еңбектерінен табыс көрмеске? Әрине, бұл қызметті заңды түрде ақылы негізде көрсететін сайттар бар. Бірақ өзіңіз ойлап көріңізші, егер ол ұрланып жатса, заңды контент құрып, сатудың не керекі бар? Тәртіп пен заң сақталатын жерде балама пайда болады. Жабайы және қара нарық қарақшылар мен көлеңкелі кәсіпкерлер үшін ғана тиімді. Кинофильмдер үшін қиындау, өйткені кинопрокатқа уақыт керек, соңынан лицензиялық дисктер шығарылып, оны сату керек. Осыдан кейін ғана әлем телеарналары оны теледидар арқылы трансляциялау құқықтарын сатып алады.

 

- «Онлайн» режимде музыка тыңдау немесе фильм көру заң бұзған деп есептеле ме?

 

-Жоқ, жеке өзіңіз үшін және танысу үшін «онлайн» режимде музыка тыңдау және фильм көру заң бұзушылыққа жатпайды. 

 

- Түзетулер желіде таратылатын ашық бағдарламалық қамсыздандыруды (opensource) қамти ма, олар басында-ақ тегін болатын, бұл unix іспетті операциялық жүйелер және соларға лайықтап жазылған бағдарламалық қамсыздандырулар (Linux, Gimp, Android, Mozilla Firefox және thunderbird, OpenOffice және тағы басқа)?

 

- Оларды қамтымайды. Себебі ашық программалық қамсыздандыру opensource деп аталады, ол барлығының пайдалануына арнап жасалған.

 

- Қазнеттегі қарақшылық контенттің пайызы қандай? Ондай сайттарды оқшаулау жалпы қазақстандық интернеттің дамуына әсер етпей ме, өйткені қазақстандық сайттардың көьі көбінесе пайдаланушылардың арасында музыка мен бейнемен алмасудың арқасында қызмет етіп жатыр ғой?

 

- Он шақты қарақшы сайт табылатын шығар. Бірақ өткен жылдан бері заңды бизнеске қарай қадам баса бастаған ресурстар бар. Қазнеттің дамуына келетін болсақ, сыртқы трафик өсуі мүмкін, себебі «жүктеп-көшіру» бір күнде бітпейді. Қысқа уақыт ішінде бәрі тынышталады. Оның деңгейі күрт төмендемейді деп сендіре аламын. Заң сақтайтын интернет-ресурстар да шығын көрмейді. «Тектен-тегіннің» уақыты бітті. Кезінде лицензияланған бағдарламалық өнімдермен де осындай жағдай болған.  Қазақстандық нарыққа әлемге танымал компания келіп еді, дүкендер мен сайттарда лицензиялық өнімдер көп көлемде пайда бола бастады. Бүгінгі таңда лицензиялық бағдарламалық өнімді сатып алу қиынға соқпайды. Сол себепті жақын келешекте Қазнеттен заңды контент сатып алу да қиын болмайды.

 

- Қарақшылық контенті бар ресурстарды анықтау бойынша мониторингпен кім айналысады және олардың иелеріне қатысты тиісті шара қабылдау құзыры кімге беріледі?

 

-  Мониторинг бұрыннан жүргізіліп келеді. Құқық иеленушілердің бәрі кімнің және қалай ұрлап жатқаны жайында жақсы біледі, олардың бұл салада жинаған материалдары да жеткілікті. Жазалау шарасын сот анықтайды, заң бұзушылармен уәкілетті орган, қаржы полициясы, бас прокуратура, ІІМ күреседі. Бұл үшін авторлық құқықтың бұзылғаны туралы тиісті органға арыз жазу керек. Виртуалды әлемдегі қарақшылықпен күрес тәжіриьесі заңнаманы жетілдіру бағытында қандай шаралар қабылдау керектігін көрсетуге тиіс. Мүмкін авторлық құқық объектілерінің сандық депозитариі мәселесін  қарастыру керек шығар. Мысалы, Америкада АҚШ Конгрессінің кітапханасы осындай дипозитарий болып табылады. Бірақ бұл болашақтың мәселесі және ол жан-жақты талқылануды қажет етеді.

 

- Салынған айыппұлдар бюджетке түсетіні түсінікті. Автор өтемақы ретінде осы айыппұлдың бір бөлігін аламын деп үміттене ала ма?

 

- Әрине, айыппұл – мемлекеттің бюджеті. Бірақ арызданушы арызында қолына тимеген пайдасы мен моральдық шығынын көрсете алады. Алайда ол үшін автор арыз жазуға тиіс екенін тағы бір айтамын.

 

- Қазнеттен қарақшылық контентті бар ресурстардың бәрі қашан жойылады деп ойлайсыз?

 

- Қарақшылық контенті бар қазақстандық ресурстар жойылып келе жатыр, болашақта мүлдем болмайды деп үміттенемін. Уақыт өте келе заң бұзатын контент тарататын торренттер үшін де жұмыс жасау қиынға соғады деп ойлаймын, өйткені қарақшылық контент көздері бүкіл әлем бойынша жабылуда. Бұл тұрақты процесс, тұрақты күрес, керек десеңіз соғыс. Бүгінің өзінде киноға бару қазақстандықтардың мәдени дамуының ажырамас бір бөлігі болып отыр. Айтпақшы, лицензияланған фильмдерді үйден де көруге болады, iD-TV арқылы, ол үшін де ақша төлеу қажет екенін айта кетейін. Заңды бизнес осындай. Біз соған келе жатырмыз, себебі біздің халықтың басым көпшілігі заңды сақтағанды жөн көреді.

 

-Сұхбатыңызға рахмет!

 

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Ирина Гумыркина

Дерекнама:www.kaztag.kz