Басты » Жаңалықтар » Сұхбат » Литермен интервью

Шавкат Сабиров: «Мемлекет өзін интернетте қорғауға тиіс»

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің арқасында, әр түрлі адамдар өзекті мәселелер мен проблемаларды шетелдік әріптестерімен талқылауға мүмкіндік алды. Осылайша, Варшавада өткен шолу конференцияға Қазақстан Интернет Ассоциациясының Президенті Шавкат Сабыров барды. Оның айтуынша, сапар мазмұнды болды.


 «Литерге» берген сұхбатында Қазнеттың танымал сарапшысы оппозиционерлермен қандай тақырыптарға айтысқандығы, ЕҚҰЫ-ның Қазақстанға қандай пайда әкелгендігі, және біздің ел Қырғызстан, Украина және Грузиядан несімен артықтығы туралы айтып берді. Шавкат Сабыров Дүниежүзілік өрмектің қазақстандық сегментінде қызу талқыланып жатқан тақырыптардан да шет қалған жоқ. Барлық мәселелерді шешуге болады, бірақ тек өз мемелкетін сүйіп, сыйлау қажет.

Қазақстан Интернет Ассоциациясының президенті Шавкат Сабыров белсенді қызмет атқарады: «Центр тяжестиді» рейдерліктен қорғайды, ЕҚЫҰ конференцияларына қатысады, депутаттарға заң жобаларын әзірлеуге көмек көрсетіп, үзілістерде безнес жасап та үлгереді, және ол туралы «Твиттерге» жазуға асығады. Толық кестеде «Литер» газетіне сұхбат беруге де уақыты табылды.  

- Шавкат Омарұлы, сіз Варшаваға ЕҚҰЫ-ның шолу конференциясына бардыңыз. Алған әсеріңіз қандай?
– Алынған әсер көп. Тап осындай іс-шараларда тек жеке өзіңнің ҮЕҰ ғана емес, жалпы мемлекетті ұсынатыныңды түсінесін. Сондай-ақ, айтып отырған мәселең маңызды және өзекті болуға тиіс. Қысқа екі-үш минутта басты пікірді жеткізіп үлгеру қажет. Бұл жәй ғана «дөңгелек үстел» немесе өзара пікір алмасу емес, іс жүзінде халықаралық масштабтағы іс-шара. Алайда мұхиттың арғы бетінде ЕҚЫҰ-дан маңыздырақ ұйым жоқ. Ұйымның қартайған қартаймағандығы, ол пайда әкеліп жатыр ма жоқ оны жабуға уақыт жетті ме тағы басқа мәселелер туралы миллион рет пікір таласуға болады. Бастысы – жүйе жұмыс істеп жатыр. ЕҚЫҰ мемлекеттерінің өкілдері делегациялар жіберіп, олар кездеседі, өзекті мәселелерді талқылайды, көкейтесті мәселелерді талқылайды. Мен үшін, мысалы, белгілі бір таласты мәселелерде басқа елдердің пікірін тыңдау өте қызық болды. Тағы да, пікірлерін айтуға барлығы мүмкіндік алды: мемлекеттік шенеуніктер де, оппозиционерлер де, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де. Әйтсе де, маған көпшілігі Варшаваға өздеріне назар аудару үшін келген секілді көрінді. Жәй ғана айналаңдағының барлығына сын тағудың ұстамсыз ықыласы. Сын тағу үшін сын тағу. Аргументтердің толық жоқтығы мен сындарлылықтың болмауы. Егер айтқандарының барлығына сенер болсақ, онда біз Қазақстанда емес, ал бір дамымай қалған Африка елдерінің бірінде тұрамыз. Менің ойымша, іс-шараның басқа да қатысушылары осындай сөз сөйлеулерден тұжырым шығарған.
– Сізге Қазақстанда неліктен ЖЖ және басқа сайттарға қол жетімділікті жауып тастаған деген сұрақтарға жие жауап беруге тура келетін болар?
– Менің жеке өзім шектеулерге қарсы екендігімнен бастайық. Әйтсе де Мемлекет осылайша Интернетте өз мүддесін қорғайды. Барлығы осылай жасайды – тіпті демократия эталоны деп саналатын елдер де. Мыслы, Ирактағы соғыс туралы он мыңдаған материалдар жарияланған wikileaks.org сайты бар. Тағы онда – американдықтардың қылмыстары туралы шынайы құжаттар, бейне файлдар, ресми баяндамалар бар. Бұл америкалық үкіметке өте ұнамайды. Сондықтан сайттың иесіне соңғы екі серверін АҚШ-тан Еуропаға ауыстырып, өзіне Швецияға көшуге тура келді. Америкада сөз еркіндігінің жоқтығы туралы ешкім шатақ шығарып отырған жоқ қой. Егер мен заңды бұзбай қазіргідей өмір сүретін болсам, мені ешкім қудаламайды, сайтымды да жаппайды. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін контентті, әртүрлі заңсыз жазылған телефонмен сөйлесулерді, құпия мәліметтерді Интернетке салатын адам, жауаптылықтың бар дәрежесін түсінуге тиіс. Бұл мемлекет мүддесі мен оппозицияның, ерлер мен әйелдердің, әкелер мен балалардың дауы. Мемлекеттер шетте кала аламайды. Ол өзін барлық уақытта және барлық жерде, ең алдымен Интернетте қорғауға тиіс. Егер мемлекет өзін қорғамайтын болса, толық анархия басталады. Бұл кімге керек? Әйтсе де электрондық БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат алғыр және саясатты болуға тиіс. Мысалы, телеараналар, газеттер, интернетте және ақпараттық агенттіктердегі жаңалықтар мемлекетке ғана арналған. Экранда – министрлер, әкімдер, депутаттар. Бізде сары баспасөз жоқ, біз жұлдыздардың өмірін талқыламаймыз, мәдениетпен қызықпаймыз, спортқа аз назар аударамыз. Мемлекет тек мемлекеттік қызметкерлер туралы айтатын жобаларды ғана қаржыландыратын секілді ой қалыптасады. Бұл дұрыс емес. Мемлекет кез келген басқа контентті дамытуға тиіс. Сондықтан мен мәселені біздегі оппозицияға қысым көрсетуде көріп отырған жоқпын. Жоқ. Мәселе мемлекеттің тек өзі туралы айтатындығында. Немесе Интернетте мысалы қазақ тілі мүлдем жоқ. Бұл туралы қанша айтсаң да ешнәрсе өзгермейді. Біз қазір мәдениет министрлігімен бірге осы орайда жұмыс жасап отырмыз. Тиісті бағдарлама әзірленуде. Ал ортасыз, әңгімелесусіз тілді үйрене алу мүмкін емес.
– ЕҚЫҰ сияқты ұйымның енді қажеті жоқ: сөзі көп, ал ісі аз деген пікірге жүгінетін сарапшылар бар. Келісесіз бе?
– ЕҚЫҰ-сыз ешқайда жол жоқ. Бүгінде бұл ұйым демократияның өлшемі болып табылады. Қай елде болмасын сайлау өткенде, адамдар ЕҚЫҰ-ның бағасын күтеді. Бұл ретте ұйым шиеленістерді шешуге де белсенді көмек көрсетуге талпынады. Қырғызстандағы мысал көрсетімді. Ол жерде кезекті төңкеріс орын алды, қысқа мерзімде ол жерге ЕҚЫҰ-ның өкілі жіберілді, сондай-ақ ЕҚЫҰ тарапынан қолдау көрсету жалғасуда. Ол жерде өкіл, кеңесшілер бар. Полицейлерден, әрине бас тартты. ЕҚЫҰ – белгілі бір мемлекеттің әрекетін бағалауға мүмкіндік беретін, және қажет болғанда иығын сүйейтін халықаралық механизм болып отыр. Әрине, сайлау қорытындылары бойынша ЕҚЫҰ-ның мәлімдемесі барлығына ұнай бермейді. Дәл осылай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдері көпшілікке ұнамайды. Бірақ халықаралық механизмдерсіз біз өмір сүре алмаймыз. Бүгінде барлығы салмақты ықпалдасу қажеттігін және олсыз болмайтындығын түсінеді. Қазақстанның ұйымға басшылық еткен фактісі бүкіл әлемге бізді кеңінен тануға мүмкіндік береді. Варшада бізді Польша үкіметі үшін мәлімет жинайтын және Шығысқа мониторинг жүргізетін Шығысты зерттеу орталығына шақырды. Біз олардан «бұндай мәліметтерді қайдан алдыңыздар?», - деп сұрадық. Безге – Интернеттен – деп жауап қатты. Жеке өз басым Батыста неліктен Қазақстан туралы соншалықты қателесулер қалыптасқанын түсіндім. Осында келіп, өз көзімен көріп, белгілі бір шынайы мәліметтер алуға – бұлай ешкім жасағысы келмейді. Содан соң бізден: Бүгінде Батыста Қазақстан туралы қандай қате стериотип әйгілі, деп сұрады. Қалай ойлайсыздар, қандай?
– Борат Сагдиев – Қазақстаннан келген тілші.
– Осыған ұқсас бір нәрсе. Меніңше, ең басты қате Қазақстанды дамымай қалған мемлекет деп қабылдауларында. Енді, біз ЕҚЫҰ-ға басшылық еткенде, көпшілік, іс жүзінде Қазақстанда өздерінің шеберлері жеткілікті екендігіне, және бізде үйренуге болатын нәрселердің бар екендігіне көз жеткізді. Біз үшін, бұл өзіміздің адами және интеллектуалды қорымызды таныстыруға мүмкіндік. Мұнда, менің пікірімше, Қазақстан үшін үлкен абырой. 2010 жылдан кейін, енді «Борат-2» түсіруге ешкімнің ойына келмейтіндігіне сенімдімін. Бізді шын мәнінде бағалады. Бұны біз бүгін немесе ертең емес – бірнеше жылдан соң біздің халықаралық қызметімізден экономикалық әсер пайда болғанда түсінеміз.
– Варшавада қандай мәселеге ерекше назар аударды?
– Тақырып көп әрі әр түрлі болды. Мен айтқан болатынмын – пікір таластарда әлсіз аргументтер айтылды. Мысалы, Назарбаев билік басында отырғанына 20 жыл болды – бұл демократиялық па? - деген мәлімдемелер. Онда қараңыз, осы 20 жылда не болды. Біз бүгін Қазақстанның осы жылдары осындай жетістіктермен өткізгендігіне, төңкерістер мен қырғынға қатпаған Қырғызстанға айналмағанымызға, саяси күрестен қарапайым халқы зардап шегіп отырған Украинаның тағдырына ұшарамағанымызға және Ресеймен соғысқан Грузия болмағанымызға алғысымызды бірдіруге тиіспіз. 20 жыл бұрын барлығымыздың мүмкіншіліктеріміз бірдей болған. Біз бұл уақытты әртүрлі өткіздік. Қазір бұл түсінікті. Айта кетейін, мен де бұл мәселе бойынша сөз сөлеп, шынымды айттым: мені мысалы үшін біздің президент қанағаттандырады! Неліктен, бүгінде біз осы үшін бізге Батыста сын тағады деп қорқуға тиіспіз? Маған біздің өзімізді оғаш бағалауымыз мүлдем ұнамайды. Біз Қырғызстан азаматының жанында тұрғанда ішімізде міне біз осындай ақылдымыз және баймыз деген мақтаныш ұялайды. Ал еуропалықтар мен америкалықтардың жанында тұрғанда біздің бойымыз қысқаратын секілді – бізді ұрысса ше, біздің демокартатия олардыкіндей емес қой, олай өмір сүрмейміз, ақыр аяғында Инернетті де дұрыс пайдаланбаймыз, деп сезінеміз.
– Айтпақшы, Интернетке қатысты. Біз оны дұрыс пайдаланбайтындығымызбен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Бүкіл әлем интернеттің көмегімен салық төлейді, нақты уақыт режимінде жоғары тұрған шенеуніктермен сөйлеседі, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылайды. Ал біз «Одноклассниктерге» (сыныптастарға) бару үшін кіреміз.
– Біз де «электрондық үкіметтің» сайтында салықтар төлеп, премьер мен мемлекеттік органдарға әртүрлі ұсыныстармен жүгіне аламыз. Тек электрондық сандық қол қажет. Мен осы «құжатты» алуға құлшындым. Екі ай жұмсадым, алайда қолды сол бойы орната алмадым. Сондай-ақ біздің менталлитет те кедергі келтіреді. Біздің адамдар жүйенің жұмыс істейтіндігіне сенбей, сын тағуды жалғастыра береді. Жалғыз кедергі - бұл қол. Әйтсе де, бүкіл әлем қолсыз да оңай пайдаланып жүр. Жедел және қауіпсіз авторизацияланудың сан алуан тәсілі бар. Айта кететін жәйт, кез келген министрге шағымын кез келген адам жаза алады. Оларда да қазір «онлайнда» болу өте замануи. Планшеттік компьютерлер, смартфондар сатып алған...
– Біздің Интернеттің батыстыкінен тағы бір өзгешелігі бар – нормативтік құқықтық база. Қазнеттегі құқықтың сақталатындығын қалай бағалайсыз?
– Ия, расында да, бізге артық болмайтын, жақсы еуропалық тәжірибе бар. Мысалы Нидерлендыда желідегі жеккөрушілікке қарсы іс-қимыл бойынша тұтас бағдарлама бар. ЕҚЫҰ-ның жанында осындай бағыт бар. Ақпаратпен алмасып, олардың тәжірибесін зерттеу қажет. Мен осы үшін Варшаваға бардым. Сондай-ақ, бізге Интернетте жасалатын мәмілелерді заңдастыратын, оларға ресми мәртебе беретін электрондық коммерция туралы заң аса жетіспейді. Бүгін мысалыға, үйден шықпай әуе билетін сатып алуға болады. Бірақ есепшіге арналаған счет-фактураны оған қосу үшін, әуе компанияның офисіне бару қажет. Үшінші жағдай – Қазнетте авторлық құқық жоқ, бұны да заң жүзінде реттеу қажет. Егер ол араласпаса, онда жағдай жаппай қарақшылық пен былыққа әкеліп соқтырады. Ең маңызды жағдай – бұл Қазақстанда интернет бизнесі деген не екендгін анықтау. Бүгін Желіде бизнеспен айналысу үшін бір немесе екі жылға берілетін домендік ат қажет, қор қажет – темір, бағдарламалық қамтамсыз ету және тағы басқа, және үшінші – осының барлығын басқаратын компания. Бұл үш құрамдық бөліктер ешқанай анықталмаған, және ешкіммен келісілмеген. Бүгін «Центр тяжести» әйгілі форумының жанындағы дауға әкелген осы түсініксіздің жемісін көріп отырмыз. Басқарушы компания күмәнді негіздермен домендік атты да, жабдықтарды да (жалға алынған) тартып алуға ниетті. Бізде осындай қатынастар тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарда орнатылған. Мен қарапайым мысал келтірейін. Интернет қор – бұл біздің үйіміз, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету – біздің пәтерлер, ал басқару компания – бұл біздің үйге қызмет көрсететін ПИК. Сыпырушы ауланы сыпырады, сантехник құбырларды жөндейді, электршы подъездегі шамдарды ауыстырады. Кенеттен ПИК сіздің үйіңізге келіп, үйге қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарттың негізінде сізді далаға шығарады, немесе барлық мүлікті теңдеп бөліп: бөлме мен асхана сізге; балкон, жуыну бөлмесі мен дәлізді өзіне қалдыруды ұсынады. «Центр тяжестиге» ПИК-тің төрағасы келеді. Сот оның тарапына шықты. Аллаға шүкір, шынайы өмірде ПИК бізді шығармайды. Бірақ Интернетте ондай әлі мүмкін. Бұның барлығы біздің соттардың шешім шығарғанда қандай заңдарға сүйенетіндігін білмегендіктен. Мен біздің сот пен олардың жұмысын үлкен құрметпен қараймын. Бизнестің жаңа саласы, жаңа жағдай, Интернеттегі жаңа құқықтық қарым қатынастар, және оларға ақпарат жеткізіксіз. Егер де бүгін «Центр тяжестиді» басқару компанияға берер болса немесе барлығын теңдей ортадан бөлуге мәжбүрлесе, онда өте қауіпті оқиға орын алады. Іс жүзінде Интернеттің қазақстандық сегментінде және оның дамуында көрініс табатын оқиға.
– Көпшілік Қазнетті өте баяу дамып, көбінде Рунеттен қалып келеді деп айтады. Бұл ретте жағдайды өзгерту үшін ештеңе жасап жатқан жоқпыз.
– Жағдай өзгеріп жатыр, мен қазір қазақстандық Интернеттің кемшілігі туралы екі сағат бойы айта аламын, оның қажеті не? Жүйелі айтайық. Жағдай былай, біз іс жүзінде Қазнет туралы барлық ақпаратты білмейміз. Біз қаншасы белсенді және белсенді емес, қаншауы қазақ және орыс тілінде, қаншауы ағылшын тілінде және қандай тілде тағы бар екендігін білуге тиіспіз. Соңын алғанда қай жерде хостинг аламыз – Қазақстанда, АҚШ-та, Алматыда, Хьюстонда? Қолымызға барлық мәліметтер болған кезде ғана – осы айда біз бірнеше пайызға алға шықтық, келесі айда бірнеше қадамды артқа жасадық, және тағы басқа секілді тұжырым жасауға болады. Ал әзірге Қазнетте не болып жатқандығы туралы жалпы сөйлемдермен сипаттауға болады. Сондықтан мен барлығын нашар жағынан көрсетпес едім. Бүгін бізге қажеттінің барлығы бар: өз поштамыз, өз іздегіштеріміз, әлеуметтік желілер, блог-платформалар. Ия, әйгілігі бойынша олар шетелдік аналогтардан қалып қояды, әйтсе де олар бар. Бірақ біз дамып жатырмыз. Қараңызшы қалай бүгінде yvision блог-платформасы қалай әйгілі!
– Қалай ойлайсыз қазақстандықтардың, қазіргідей шетелдіктермен емес негізінен жергілікті ресурстарды қолданатын кез келеді ме?
– Мен «Одноклассники», Facebook және Google-ды пайдаланатынымыздан проблема көріп отырған жоқпын. Бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Қалай болғанда да, Конституция бойынша біздің әр қайсымыздың қайда «баруды» таңдау құқықғы бар. Қазақстандықтардың ресейлік интернет ресурстарына кіргендерінде проблема жоқ, проблема ресурстың иесі контентті, серверді алып, Қазақстаннан кетуінде. Бұл тұрғыда «Қазақтелеком» АҚ-дағы хостиннің «Үйге орал!» ұраны бірегей. Көпшілік дерлік оралып та үлгерді, жергілікті болг-алаңдарда пікір алмасып, комментарилерді белсенді жазады, өзекті тақырыптарды талқылайды, танысады, ғашық болады. Немесе мысалы mail.kz пошта қызметін ұстау үшін қыруар ақша жұмсалып, қажетті қауіпсіздік пен сервисті қамтамасыз ету үшін үлкен күш салынады. Ия олардың нарықтағы үлесі аз, бірақ олар кәсіби жұмыс істейді. Қазақстанда mail.ru немесе gmail.com танымалдығы біздің ұлттық мақтанышымызға нұқсан келтіреді деп ойламаймын. Нарық барлығын өз орындарына қояды. Ал біздің міндет – үздік үлгілерге талпынып, ішкі қазақстандық контенттің сырттан сұранысқа ие болуға барлығын жасау. «Электрондық үкіметтің» интернет порталының мекен жайы мен телефон нөмірін, Интернетте қазақ тілінде еркін сөйлесетін, барлық қызметтер мен тауарларды Интернет арқылы сататын-сатып алатын күннің туатынына сенімдімін. Тек өз мемлекетімізді сүйіп, сыйлау қажет! Жай ғана сүйю және құрметтеу...

Михаил КОЗАЧКОВ, Алматы
Дерекнама: www.liter.kz