Басты » Жаңалықтар » Қазнетте шекаралар жойылуда!

Қазнетте шекаралар жойылуда!

Орындалды! «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазконтент» АҚ Ақпарат және байланыс министрлігілігінің қатысуымен шеткі хостинг алаңдарда (тек Қазақтелекомдық емес) орналасқан әлеуметтік пайдалы қорларға трафикті есептеусіз Мегалайн және ID-Net' пайдаланушылары үшін қолжетімді болуға мүмкіндік беретін бағдарламаға қол қойды.

 

Жаңалық сөзсіз көп күтілген және жағымды. Енді көп сөз болған мәселе – «Қазақтелеком» АҚ дата-орталықтарында орын жетпеу мәселесі шеткі хостинг провайдерлердің шеткі қуаты есебінен шешілетін болады. Бағдарламаға қатысу үшін сайттың иесіне өтініш беру қажет, содан кейін оның сайты сарапшы комиссиямен қаралып, оған Мегалайн/ID-Net қызметі абоненттеріне тегін рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.

Төбесінде тола адамы бар шөлде келе жатқан автобус көрсетілген дезодоранттың ескі жарнамасы есіңізде ме? Төбеде отырған адамдардың бірі жүргізушіден ол кетті ме деп сұрайды. Ал салонның ішінде жалғыз ер адам отыр, соңында дезодоранттың жарнамасы
шығады. Міне осылай, көп трафик қолданып, Қазақтелеком алаңынан тыс орналасқан көп трафик қолданатын серверлерде осы уақытқа дейін тап осы жарнамадағы автобустың салонында жалғыз отырған ер адамның кейпінде болған. Яғни Қазнетте адам көп, бірақ олар негізінен тарифтелмеген трафиктер мен әлеуметтік желілерді пайдаланады. Өйткені осы уақытқа дейін белгілі бір сайттың ұсынысының жауабына келесі сұрақ кеңінен тараған: «Ол жерде трафик тегін бе?».

Әрине, мегалайндықтар үшін алдын ала төленген көлемнің ұлғаюынан кейін, мәселе былай өткір тұрмайтын болды, бірақ ол алғашқы уақыт қана. Естеріңіз де ме 10 Гб шектелгеннен кейін, алдын ала төленген трафиктің ұлғаюы нанғысыз болып, 20 Гб артық болатын сияқты болған. Іс жүзінде адамға әрдайым жеткіліксіз болады =)

Жалпы пайдаланушылар мен веб шеберлер үшін жақсы жаңалық келесіден тұрады:

  • Пайдаланушылар үшін: олар тарифтелмеген трафиктермен көптеу сайттар алады.
  • Веб шеберлер үшін енді Мегалайн/ID-Net абоненттеріне тегін болу үшін, онда орын болмауы мүмкін немесе сізді басқа бір белгілі жағдайда қанағаттандырмайтын, «Қазақтелеком» АҚ дата орталығында орналасу міндетті емес.

Бағдарламамен нақтырақ келісім скандарынан тікелей таныса аласыздар.