Басты » Жаңалықтар » Қазнеттегі тежеу

«KazNIC»: Қазнетте тежеу болған жоқ

«KazNIC» Қазақ желілік ақпарат орталығының директоры Павел Гусев, 26 сәуірде Қазнетте тежеу болған жоқ деп есептейді. Бұл туралы ол «BNews.kz» АА-нің тілшісіне мәлім етті.

 

«Бұл ақпарат қайдан шықты? Бұндай болуы мүмкін емес. Премьердің сайтында да тежеу болды ма? Премьердің сайты қалай жұмыс жасаса, солай жақсы жұмыс істеп тұр... Кешіріңіз, мен әңгіме қандай тежеу туралы болып тұрғынын түсінбедім», - деді П.Гусев.

 

Кеше, 26 сәуірде түстен кейін қазақстандық интернеттің басым бөлігін істен шығарған тежеу орын алғандығын еске саламыз. Атап айтқанда, бұл жағдай «.kz». доменінің иелеріне елеулі қолайсыздықтар әкелді.

 

 

«Тежеу кезінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың да жеке парақшасы зардап шекті», - деді Ш.Сабыров. Сондай-ақ, жарты сағаттан кейін Әлемдік тордың жұмысы қалпына келтірілген, деп атап көрсетті ол.

 

«Время»- ның ақпаратына сәйкес, “HOST.KZ” ЖШС-ында да көптеген интернет пайдаланушылар мен корпоративтік сайттардың иелерінде елеулі қолайсыздықтардың болғандығын растады.

«Болған оқиға елеулік тексеруге себеп екендігі сөзсіз. Тежеу «.kz» домендік аймағында орын алғандықтан, бұған Казнеттің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Қазақстандағы жалғыз техникалық оператор - «KazNIC» желілік ақпараттық орталығы жауап береді», - деп жазады «Время».

Дерекнама: www.bnews.kz