Басты » Жаңалықтар » ЗТБ жалпы отырысы

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның жалпы отырысы

2011 жылдың 6 сәуірінде «Қазақстанның интернет ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің жалпы отырысы өтті. Онда 2010 жылы жасалған жұмыс туралы есеп тыңдалып бекітілді, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері шешілді.

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ (бұдан әрі - ҚИА) мүшелерінің жалпы отырысы ҚИА президенті Шавкат Сабыровтың алғы сөзімен ашылды. Біздің елдегі Интернет қауымдастығын біріктіру және Интернет ғаламдық желінің қазақстандық сегментін дамыту үшін құрылған ассоциацияға 3 маусымда екі жыл толатынын атап көрсетіп, мемлекеттік аккредитация алғанын айтты.

 

Бүгінгі күнге ҚИА-ның мүшесі болып 19 компания табылады. Қарауда кіру туралы 3 ұйының құжаттары жатыр.

 

Ассоциация кеңесің пайда болуымен 2010 жылдың бүкіл екінші жартысымен 2011 жылдың 1-тоқсанында айына бір рет немесе қажет болған уақытта ҚИА президенті Шавкат Сабыров, ҚИА вице-президенті Владимир Төреханов, Константин Горожанкин, Юрий Мизинов, Игорь Лоскутов, Кеңес бақылаушылары – ҚИА атқарушы директоры Әсет Нүрпеисов және ҚИА Резизиялық комиссиясының төрағасы Владилен Якунин мүшелері болып табылатын Кеңес отырысы өткізіліп тұратын.

 

ҚИА қызмет жоспарына сәйкес 2010 жылы «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының мүшесі болды, соның арқасында ҚР нормативтік актілерді әзірлеуге тікелей қатысуға мүмкіндік алды, атап айтқанда:

  • Интернет желісі қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану, бөлу;
  • Электрондық ақша туралы заң жобасы;
  • Электрондық коммерция туралы заң жобасы;
  • Телевидение және радиотаратылым туралы заң жобасы;
  • Интернеттегі авторлық және жапсарлас құқық туралы заң жобасы.

 

ҚИА «НҰР» (nur.kz), «Центр тяжести» (ct.kz), Mama.kz. сайтына қатысты даулы жағдайды шешуге белсенді қатысты.

 

ҚИА басқа елдердің осындай ұйымдарымен белсенді өзара әрекетеседі. Атап айтқанда, 2010 жылы Украина Интернет ассоциациясы (УИнА) мен Ресейлік электрондық коммуникация ассациациясы (РЭКА) ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы меморандумдарға қол қойылды.

 

Жұмыс қорытындылары бойынша 2010 жылы ҚИА Қазақстанның мемлекеттік органдары мен Қазақстанның Венада ЕҚЫҰ-дағы өкілдігінен бірқатар алғыс хаттармен аталып өткен.

 

2011 жылы біздің ұйымның сапалы толығуына қол жеткізу үшін ҚИА жаңа мүшелер тарту бойынша жұмысты жалғастыру күтілуде. Мемлекеттік билік органдарының заң жобалары және басқа нормативтік құқықтық құжаттар бойынша кейінгі жұмыстар күтілуде. Қазнетті инвесторлар үшін қалай тартымды ету, жарнамалық салымдардың үлесін қалай арттыру – интернет бизнес мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер мен өзге шаралар өткізу жоспарлануда. Казнетпен байланысты маңызды конференцияларға қатысу маңызды. ҚИА жұмыс жоспарларында жеке бөліммен Интернетте қазақ тілін дамыту дамыту мәселесі тұр.

 

2011 жылы Интернетте құқыққа қайшы контенке қарсы іс қимыл мен анықтау бойынша InHOPE (inhope.org) ұйымымен ынтымақтастықты бастау.

 

Өткен екі жыл ҚИА дұрыс жол таңдап, бүгінде Казнет пен жалпы қазақстандық қоғамның өмірінде салмақты орын алатынын көрсетті. ҚИА мемлекетпен, бизнеспен және қоғаммен бұдан да ықпалды және қадірлі ету біздің қолымызда!

 

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ баспасөз қызметі.