Басты » Жаңалықтар » Google.kz қалпына келтірілді

Google.kz Қазақстанға оралды

Google компаниясы Қазақстанның домендік аймағында іздеушінің жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 14 маусымның кешінен бастап-ақ қазақстандық пайдаланушылар google.kz сервисінің қызметін пайдалана алды.


Енді сайтқа кіргенде іздеуші Қазақстандық пайдаланушыларды автоматты түрде елдің домендік аймағында ораналасқан сервиске жолдайды, ол пайдаланушыларға локальдік спецификацияны ескерумен іздестірілген сұрау салулардың нәтижелерін өңдеуге мүмкіндік береді.


Осы жылдың 8 маусымындағы пайдаланушыларды google.kz сервисінен google.com жолдау туралы шешім компанияның іздеушінің локалді сервисі Қазақстанда орналасақан серверлерге ауыстыру туралы жергілікті биліктің бұйрығын орындауды бас тартумен байланысты болғандығын еске саламыз. Кейіннен, іздеуші алыптың қызметкерлерін kz. домендік аймақта жұмыс істеудің мән-жайын дұрыс ақпараттандырылмағандығы анықталды. Қазақстандық IT-компания ассоциациясы президенті Нұрлан Исиннің айтуынша, республиканың домендік аймағында 2010 жылдың 7 қыркүйегінен кейін тіркелген домендік аттар ғана қазақстандық сереверлерден жұмыс істеуге міндетті.


Дерекнама: Tengrinews.kz