Басты » Жаңалықтар » Электрондық коммерцияны дамыту

ҚИА Қазақстандағы электрондық коммерцияны дамыту ісінде ҚР Ұлттық банкін қолдайды

2011 жылдың 18 қазанында ҚР Ұлттық банкі  «Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды» бекітті.

Бұл ереже электрондық ақша саласында банк пен бизнес құрылымдардың қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді.

Баспасөз баяны

ҚИА Қазақстандағы электрондық коммерцияны дамыту ісінде ҚР Ұлттық банкін қолдайды

2011 жылдың 18 қазанында ҚР Ұлттық банкі электрондық ақша саласында банк пен бизнес құрылымдардың қызметін заңдастыруға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды» бекітті. «Қазақстанның Интернет ассоцияациясы» ЗТБ аталған құжаттың қабылдануын Қазақстанда электрондық коммерцияның жедел дамыту факторы ретінде қабылдап, Қазақстанның интернет қауымдастығын Интернетте төлем жүйесін құру мен дамуына белсенді қатысуға шақырады.

 

2011 жылдың 21 шілдесінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында электрондық ақшаны (бұдан әрі - ЭА) шығару мен пайдалануға құқықтық негіз жасауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Бұл заң жобасын талқылауда Қазақстанда электрондық коммерция саласында бизнес жүргізу тәжірибесі бар  «Қазақстанның Интернет ассоциациясы» ЗТБ өкілдері - К. Горожанкин, Ш. Сабыров және А.Чуб-тың құрамында жұмыс тобы құрылды. 2010 жыл аралығында жұмыс тобы көп ескертулер мен ұсыныстар жасап, ҚР Ұлттық банк өкілдері мен Парламент депутаттарымен кездесіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) жұмыс тобы отырыстарына қатысты. Бұл жұмыстың нәтижесі заң жобасының Қазақстан интернет бизнесі мүддесінде елеулі өңделуі болды.

Қабылданған ережелермен ЭА айырбастау операциясы, электрондық әмиян және оны құлыптау анықтамасы берілді. Ережелер ЭА шығару тәртібі мен өтеуді, ЭА пайдаланумен операцияларды жүзеге асыруды және олардың эмитенттеріне талапты белгілейді.

ҚИА ҚР Ұлттық банкінің Қазақстанда ЭА айналымы мен қызметі үшін құқықтық өріс құруға бағытталған күш-жігерін қолдап, алдағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеді.

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ  2009 жылдың мамырында қазақстандық  интернет қызметі нарығының барлық қатысушыларын біріктіру, коммерциялық, қоғамдық және мәдени салада инновациялық интернет-технологияларды енгізуге көмек көрсету мен нарық қатысуышларының мүдделерін мемлекеттік билік органдарында ұсыну мақсатында құрылды.

 

Байланыстар:

Ляхов А.Е. – ҚИА қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті

Нүрпеиісов Ә.Қ. – ҚИА атқарушы директоры