Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2010
Қазақстанның Интернет Ассоциациясы Kcell-мен бірлесіп, қазіргі уақытта CMS-ті қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізуде. CMS аудару бойынша жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде, енді біздің жұмыс туралы және оның Сізге не беретіндігі туралы айтуға уақыт келді.
Қазіргі уақытта Drupal 6 66.15% өзегі аударылды, ол 1935 тен 1280 қатары. Drupal 7 және Drupal 5 бойынша да жұмыстар жүргізілуде жақында олар толық аударылатын болады. Біз тек клиенттік емес, сондай-ақ әкімшілік бөлімді де аударып жатырмыз. Ол тек қазақ тілін білетін адамның осы жүйені ыңғайлы пайдалануы үшін жасалып отыр.
Аударма үшін біз Drupal оқшаулау серверін пайдаланып жатырмыз, онда Drupal ұсынылған барлық тілдерге аудармалар ұсынылған. Жақында ғана қазақ тілі бөліміндегі серверде 1% болған. Біртіндеп біз статистиканы теңестірдік, енді қалған әлемнің қасында онша жаман көрінбейміз:
Меніңше таяудағы 2-3 аптада біз прогресс-барды аяғына дейін жеткіземіз.
Аударма серверіндегі аудармашының ресми сұлбасы «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы».
Localize.drupal.org бұл аударма үшін өте ыңғайлы құрал, ол Drupal барлық өзектері мен модульдері үшін ресми аудармаларды ұсынады. Сіздер өзіңіздің сайтыңыз үшін жаңа модуль орнатқанда осы сайттан аударма автоматтық түрде жүктеледі, сондықтан осы сервисте бір рет модульді аударып, сіз автоматтық түрде аудармамен бүкіл әлеммен бөлісесіз. Яғни әлемнің кез келген нүктесіндегі кезкелген вебмастер қазақ тілінде сайтты оңай құра алады.
Қазіргі уақытта біз өзекті аударумен айналысып отырмыз, өйткені бұл жүйенің негізгі бөлігі. Бұл бар болғаны жүйенің өзегі болғанына қарамастан ол қорабтан көп нәрсені жасауға мүмкіндік береді.Егерде сіз қазақ тілінде стэндалон-блог немесе форумы және жаңалықтары бар портал жасауды шешсеңіз – онда оның барлығын тап қазір жасауға болады.
Аударма файлдарына сілтемелер:
Жақын арада жаңартылған Drupal.kz іске қосып, оған қазақ тілінде орнатулардың профильдерін және Drupal жұмыс бойынша скринкастарды қоямыз. Қызық жаңалықтар күтіңіздер!
Жобаға көрсеткен көмегі үшін Kcell компаниясына алғыс білдіреміз.