Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2023
Жоба ҚР Үкіметінің қамқорлығымен жүзеге асырылды.
17 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту және насихаттау» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «WikiBilim» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.
Семинар жұмысына жауапты мемлекеттік мекемелер өкілдері, сарапшылар, халықаралық және қазақстандық интернет-жобалардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысты. Мамандар интернетте мемлекеттік тілдің үлесін көбейту мен мазмұнның сапасын арттыру жөнінде ой бөлісті.
Семинар аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан «WikiBilim» қоғамдық қорының бірқатар жобалары таныстырылды.
Атап айтсақ, ЛоуренсЛессигтің «Еркін мәдениет» атты кітабының қазақша басылымының «тұсауы» кесілді. Кітап мәдениет пен шығармашылықты еркін тарату мақсатында интернеттегі авторлық құқық мәселелерін қайта қарастыруға арналған. Кітаптың қазақтілді басылымы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың алғы сөзі және автордың қазақ оқырманына арнауымен көпшілікке жол тартты. Бұл басылым Қазақстандакопирайттан тыс, еркін CreativeCommons лицензияларының негізіндежарық көрген алғашқы кітап.
![]() | ![]() |
Сонымен қатар, «Қазақстанның ашық кітапханасы» (www.iKitap.kz) жобасыныңтаныстырылымы болып өтті. Кітапханада CreativeCommons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше. Болашақта жоба кітап таратудың озық технологияларына сүйенген ауқымды электронды кітапханаға айналуы тиіс.
Сондай-ақ, көпшілікке кез келген сайттың құрылымына жеке модуль ретінде құрылымдауға болатын қазақ тілінің әмбебап онлайн сөздігітаныстырылды. Сөздік қазақ тілінің үлкен әдеби сөздігінің негізінде жасалып, бүгінгі күннің өзіңде 120 мыңнан аса сөз бен сөз тіркесін қамтыған. Әмбебап сөздік сөздердің түсіндірмесін ғана беріп қоймай, лексикалық бірліктің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын, этимологиясы мен синонимдерін бере алады. Жоба қазақ тіліне қатысты барлық сөздіктердің «агрегаторы» ретінде ойластырылып құрастырылған.
Семинар шеңберінде заманауи интернет технологиялармен және онлайн журналистиканың негіздеріментанысқысы келетіндерге оқыту тренингтері ұйымдастырылды. Тренинг краудсорсинг, блог бастау және жүргізу, әлеуметтік желілерді пайдалану, интернеттегі авторлық құқық секілді тақырыптарды қамтыды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті
«WikiBilim» қоғамдық қоры