Басты » Жаңалықтар » Мәдени шара

Д.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара

2012 жылғы 21 қыркүйекте сағ.11.00-де облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде  «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акциясының аясында «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенттер мәдениет сарайында «Д.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай мәдени шаралар» тақырыбында практикалық конференция болып өтеді.


Конференцияның міндеті – Д. Қонаев тұлғасын белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, Орал өңірінің еңбек ардагерлерінің бірігуі арқылы айқындап, Қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, адам бостандығы мен құқыққа деген сыйластыққа тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін өткізуде білім беру, өскелең ұрпақ пен жастар назарын Қазақстанның танымал тұлғаларының мұрасы мен қосқан үлесіне назар аударту.


Шараға «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры С.М.Ахметов, проректорлары З.К.Мухлисова, А.М.Маратова, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығының орынбасары Серік Құмарғалиұлы Бисембаев, бас маманы Ш.Ермұханова, М.Б.Ықсанов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы А.Қ.Атаев, ардагерлер Х.С.Тастанбеков, А.А.Нұрғалиев, С.И.Ахметов, М.Қ.Батыров, бұқаралық ақпарат өкілдері және студент жастар барлығы 250 адам қатысады.


Қазақ елінің қалың тарихында заман жүгін арқалаған, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына сәйкес жүрекжарды тілектерін арнаған ғалымдар, студенттер қойылып отырған конференция тақырыбына сай баяндамаларын оқып, өз ойларын талқыға салады.