Басты » Жаңалықтар » «ҚИА» ЗТБ мүшелерінің жалпы отырысы

«ҚИА» ЗТБ мүшелерінің жалпы отырысы

2011 жылдың 15 шілдесінде Алматыда «Қазақстан интернет ассоциациясы»  Заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің кезектен тыс жалпы мәжілісі өтті, оның барысында қайта қосылған мүшелер бекітірiліп, Ассоциацияның президенті мен вице- президенті сайланды, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер шешілді.

 

Қазіргі уақытта Ассоциация құрамына бірлестіктің қызметін қолдайтын 23 ұйым кіреді.

 

Жалпы мәжіліс барысында «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды:

  1. Жаңа қабылданған мүшелелрді бекіту туралы
  2. «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның президенті мен вице-президентін сайлау туралы.
  3. «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның мақсаттары мен міндеттеріне «Нұр Интернет порталымен» қабылданған кейбір іс-әрекеттерінің сәйкес келуі туралы.
  4. «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ кеңесі саны мен құрамының өзгеруі туралы.
  5. Әртүрлі.

Мәжілістің қорытындылары бойынша Ассоциацияның жаңа мүшелері бекітілді:

«EffectiveMediaLiaison» ЖШС «EffectiveMediaLiaison» (tengrinews.kz, vesti.kz интернет қорларының құрылтайшысы), «Меншіктік құқықты қорғау одағы» ҚБ (kaz.kz іздеу жүйесінің иесі), «Желелік ақпараттың қазақ орталығы»мекеме, «Манифест дизайн-студиясы» ЖШС.

 

Сондай-ақ Шәукат Сабыров жалпы жиналысты ҚИА-ның президенті лауазымынан кету туралы өтінішін бекітіп, ҚИА президенті лауазымына Владимир Төрехановты ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Владимир  Төреханов ҚИА президенті, ал Шәукат Сабыров вице-президент лауазымына сайланды.

 

Үшінші мәселе қатысушылардың қызу пікір-таласын туғызды, нәтижесінде жалпы мәжіліс дауыс беру арқылы  Nur.kz порталының іс-әрекеттері ҚИА-ның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтіндігі тарулы шешім қабылданды. Дауыс беру қорытындылары бойынша Nur.kz порталын ҚИА-ның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін іс-әрекеттері үшін ҚИА мүшесі қатарынан шығару туралы шешім қабылданды.

 

Осылайша, бүгінгі таңда ҚИА мүшесі болып 23 компания табылады. Басталып қойған 2011 жылы ұйымның сапалы толығуына қол жеткізу үшін ҚИА жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру қарастырылуда.

 

ҚАИ Кеңесі мүшелерінің санын арттыру туралы төртінші мәселе бойынша ҚИА Кеңесі мүшелерінің санын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ (бұдан әрі - ҚИА) екі жыл бұрын біздің еледгі интернет қауымдастықты біріктіру және интернет ғаламдық желісінің қазақстандық сегментін дамыту үшін құрылды. ҚИА-ның басты міндеттерінің бірі - интернет қызметі қазақстандық нарығы қатысушыларының мүддесін мемлекеттік билік органдарында ұсыну, интернет қызметтері қазақстандық нарығының жетістігін халықаралық деңгейде ұсыну, қазақстандық интернет компаниялардың халықаралық жобаларға белсенді қатысуына көмек көрсету.

 

Бүгінде Ассоциация өзге елдердің ұқсас ұйымдарымен өзара  әрекеттеседі. Атап айтқанда, 2010 жылы Украинаның Интернет Ассоциациясы (УИА) және Электрондық коммуникациялардың ресейлік ассоциациясымен бірлесіп әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылған. Ассоциация мемлекеттік билік органдарының заң жобалары мен өзге нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша белсенді жұмыс жүрізуде.

 

Ассоциацияның басшылығы Қазнетті инвесторлар үшін қалай тартымды ету, жарнамалық салымдарды үлесін қалай ұлғайту қажет тағы басқалар туралы интернет-бизнес мәселелері бойынша бірқатар дөңгелек үстелдер мен басқа іс-шаралар өткізуді жоспарлауда. ҚИА жұмыс жоспарларында жеке бөлім болып Интернетте қазақ тілін дамыту тұр. 2011 жылдың мымарында ҚИА қолдауымен 1 қазақстандық интернет-конференция iMIX 2011, өткізілді, 2011 жылдың маусымында – Қазнеттегі заңсыз контентпен күрес бойынша – дөңгелек үстел, «қызу байланыс» пен safekaznet.kz. сервисін жасау бойынша жұмыстары туралы жарияланды.