Басты » Жаңалықтар » «Намыс дода»

«Намыс дода» («Большие гонки») – Казнеттің жаңа кәсіби жүлдесі

Қазақстанда «ҚИА» ЗТБ-ның бастамасы бойынша «Намыс дода» кәсіби сыйлықақысы тағайындалуда.«Намыс дода» сыйлықақысы – бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінің үздік сайттарын, іс-шаралары мен маңғаздарын анықтауға арналған байқау.

Номинанттарды ұсыну мен оларға дауысты Қазнеттің жетекші қайраткерлерінен құрылған қазылар береді. Сыйлықақы жыл сайын тапсырылатын болады.

Кез келген индустрияның, бұл жерде интернет-әзірлемелер саласы да сырт қалмайды, жасалғанды бағалап, осы жасалғанның несі болашақта іс-жүзінде құнды болатындығын айтып беретін кәсіби байқауларды қажет ететіндігімен ешкім дауласа қоймас.

Қазақстанда осындай бір ғана - 2011 жылы 9-шы рет өткізіліп, 10 тақырыптық және 9 арнайы номинациялардан үздік сайттар мен Қазнеттің мобильді қосымшаларын анықтаған, тұрақты негізде өткізіліп отыратын «Ұлттық AWARD.kz интернет сыйақысы» деген конкурс бар.

«Намыс дода» кәсіби сыйлықақысы Қазнет көшбасшыларының пікірін білдірумен AWARD.kz-ті толықтырады. Сыйлықақы тұрақты негізде Қазнеттің маңыздырақ жобалары мен маңғаздарын анықтап, оның даму тенденциясын нақтылау мақсатында жүргізілетін болады.

«Намыс дода» кәсіби сыйлықақысы – бұл:

  • Номинациялардың ауқымды және өзекті таңдауы;
  • Қазнеттің сайттарын, маңғаздары мен іс-шараларын «гамбург есебі бойынша» бағалау;
  • Конкурс өткізудің қозғалмалылығы мен оның барлық нәтижелерінің жариялығы.

 

Конкурстың сайттар, адамдар мен іс-шаралар болып табылатын қатысушыларын номинациялайтын және бағалайтын сарапшылар өз желілік жобалары мен қоғамдық істерімен танымал, Қазақстанның ең беделді интернет қайраткерлері болып табылады.

 

Осылайша, бұл кәсіби сыйлықақы, онда адамдар интернет индустрияның ішінде өткен жылы пайда болған немесе өздерінің дамуында осы жылы үлкен белестен өткен жобалар бағаланады. Конкурстың наградалары цех бойынша әріптестері тарапынан қызметтерінің бағалану фактісін білдіретін болады.

 

Конкурс туралы ережеге сәйкес, бірінші турда конкурстың барлық қатысушылары номинацияланып, номинация бойынша финалистер мен Гран-при иегерлері анықталады. Сонымен қатар, «Намыс дода» ондығына» өткен жылы Қазнеттің дамуына мол үлес қосқан желілік қайраткерлерді ұсыну жүргізілуде. Финалда финалистер қатарынан конкурстың жеңімпаздары мен сыйлық иегері анықталады.

 

Дауыс беру онлайн жүйесінде өтетін болады. Қазіргі уақытта сайт әзірлену үстінде.

 

Номинанттарды ұсыну мен 2011 жылғы жеңімпаздарды анықтау электрондық пошта бойынша жүргізіледі.

 

Байқаудың жеңімпаздары қорытынды дауыс беруден кейін өтетін баспасөз конференциясында жарияланатын болады.

 

Марапаттау рәсімі 2012 жылдың наурызында өтеді.

 

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ (www.iak.kz) қазақстандық интернет қызметтері нарығының барлық қатысушыларын біріктіру, коммерциялық, қоғамдық және мәдени салада инновациялық интернет технологияларды енгізуде көмек көрсету, мемлекеттік билік органдарда нарыққа қатысушылардың мүддесін қорғау мақсатында 2009 жылдың маусымында құрылды.

 

Байланыстар:
Ляхов А.Е. – ҚИА-ның вице-президенті
Тел: +7 (705) 305-68-79, ALyakhov@gmail.com