Басты » Жаңалықтар » Баспасөз релизі

ЦТ финал ісі бойынша баспасөз релизі

2011 жылдың 10 наурызында «Қазақстан интернет ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің (бұдан әрі - ҚИА) белсенді араласуымен «Центр тяжести» (бұдан әрі – ЦТ) форумы аясындағы шиеленісті бейбіт реттеу туралы келісімге қол қойылды. 

Шиеленіс бір жылға дерлік созылып, Казнеттің дамуы үшін аса негативті салдарымен оқиғаға айналу қауіпін төндірді.


ЖАМАН БЕЙБІТ ИГІ ҰРЫСТАН ЖАҚСЫ

 

Мәселенің кіріспесін еске саламыз. 2010 жылдың 15 сәуірінде Қазақстандық баспасөз клубында өткен баспасөз конференциясы барысында Ержан Исабаевтың өкілдері алғаш рет соңғының «New Line Media» ЖШС бойынша өзінің серіктесі Дмитрий Зиминге Интернет желісінде http://bb.ct.kz. мекен жайы бойынша орналасқан «Центр тяжести» форумына қатысты шағымын дыбыстады.

 

Одан кейін, 2010 жылдың сәуірі мен 2011 жылдың ақпаны аралығында әртүрлі инстанцияларда сот отырыстарының бірқатары өтті. Нәтижесінде, 2011 жылдың 24 ақпанында Алматы қаласының Мамандандырылған аймақаралық экономикалық соттың 2010 жылғы 11 қазандағы №2-9819/10 шешімі күшіне енді.

 

Интернет саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаның әлсіздігін өкінішпен ескеріп, ҚИА басынан-ақ осы процеске жұртшылық пен мемлекеттік құрылымдардың назарын аударуды мақсат етті. Интернет – бұл Қазақстан экономикасының инновациялық және перспективалық сала екендігіне сенімді болып, сондықтан Казнеттің дамуын ең басынан өркениетті арнаға бағыттаудың маңыздылығын ескеріп, біз бұқаралық ақпарат құралдары, «Атамекен» ТЭП, ҚР Парламенті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі, ҚР Жоғарғы сотына жүгініп, жағдайды бақылауға алып, оның заңды шешілуіне көмек көрсетуді сұрадық.

 

Сонымен қатар, ҚИА құқықтық комиссиясының жанында ЦТ-мен жағдайға қатысты барлық ресми ақпаратты біріктіру мен барлық процесстерді үйлестіру мақсатында «Центр тяжести» интернет-қорымен жағдай жөнінде Үйлестіру орталығы құрылған. Барлық ақпарат өз уақытында http://ct.iak.kz мекенжайы бойынша орталықтың сайтында жарияланып, интернет пайдаланушылардың жеке өздеріне белгілі бір факті немесе анықтаманың нақтылығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Нәтижесінде, шиеленісті толықтай Қазақстан адвокаттар одағы президиумының мүшесі Герман Нурбаев пен «Legal Company «German» ЖШС өкілдерінің көмегімен ҚИА шеберлерін біріктіретін қоғамдық ұйым шеше білді.

 

Бұл Қазақстанда интернет саласындағы шиеленістің бейбіт жолмен шешілуінің алғашқы жағдайы. Осылайша жасалған оқиға арнайы сотқа дейінгі орган немесе ҚИА жанында аралық сот құру туралы ой салады.

 

«Қазақстан интернет ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі шиеленістің екі тарапы - Исабаев Е., Зимин Д., Төреханов В., Усков А., сонымен қатар адвокат Нурбаевқа Г. бейбіт реттеу туралы келісімге қол қоюға қолдау көрсетіп, түсіністік білдіргендеріне өзінің ризашылығы мен алғысын білдіреді.

 

Бейбіт реттеу туралы келісім

Бірлескен мәлімдеме

 

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның баспасөз қызметі. ;