Басты » Жаңалықтар » ПРЕСС-РЕЛИЗ

Заңсыз контентке жол бермеу мақсатында өткізілген дөңгелек үстел

27 маусым 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында "Интеротель Астана" қонақ үйі, Құрылтай залы) Мәдениет Министрлігінің қолдауымен ЗТБ ҚИА  өткізді.

 

Дөңгелек үстел тақырыбы: "Қазақстанға 20 жыл: интернетте экстремизм, терроризм, нашақорлық, порнография, зорлық-зомбылықты насихаттайтын контентіне қарсы күресудегі қоғамдық бірлестіктер, бизнес және мемлекеттің орны мен атқаратын рөлі".

 

 

 

 

 

Талқылау барысында: ҚР байланыс операторлары және хостинг-провайдерлері 2010 жылдың маусымында қабылданған қауіпсіз интернет Декларациясы негізінде заңсыз контент туралы хабардар ететін қоғамдық "ыстық желі" және www.safekaznet.kz сайтын құру.

 

Қоғамдық бірлестіктер лидерлері, әйгілі интернет-ресурстардың өкілдері, байланыс операторлары және де ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары, "Нұр Отан" ХДП, мемлекеттік органдар өкілдері дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

 

 

Бүгінде ақпараттың қайнары интернет болып келеді. Бірақта интернет тек жақсы контентті тарата қоймай экстремизм, терроризм, нашақорлық, порнография, зорлық-зомбылықты насихаттайтын заңсыз контент те бар.

 

Дөңгелек үстел мақсаты: Қазнетті барлық пайдаланушыларға, әсіресе балаларға қауіпсіз ақпараттық орта етуге қолдау көрсету және заңсыз контентті таратуға жол бермеу.

 

2010 жылдың маусымында 15 қазақстандық байланыс операторлары және хостинг-провайдерлер "Қауіпсіз интернет туралы" Декларацияға қол қойды. Қол қойылған келісім ҚР заңдарын ақпаратты-коммуникациялық технологиялар бағытындағы қарым қатынастарды нәтижелі пайдалану болып келеді.

 

Мысалы, ішкі істер Министрлігінің қылмыстық полиция Комитетінен берілген ақпарат бойынша 2010 жылы ақпараттық технология саласында 1800 құқық бұзушылық орын алған. Компьютерлерге заңсыз қол жеткізген үшін (15 оқиғаа орын алды) 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды, контрафакты өнімді орындағаны үшін (81 оқиға орын алды), арнайы техникалық құралдарды заңсыз орындағаны үшін (6 оқиға орын алды), басқа біреудің есебіне интернетті пайдаланғыны үшін (21 оқиға орын алды). Порнографияны таратумен күрес оперативті шарасы барысында 61 іс қозғалды, зорлық-зомбылық таратуда 4 қылмыстық іс қозғалды.

 

"Қазақстандық байланыс операторлары және хостинг-провайдерлер Декларациясына қол қоюда заңсыз контенпен күреске тараптар түсінушілік білдірді. Осы жылы осы бағыттағы жұмыстарды қолға алып нақтылы әрекеттер қолданамыз" - дейді ЗТБ "Қазақстан Интернет-ассоциациясы" Президенті Владимир Төреханов.

 




 

Бастамашылардың ойы бойынша келесі қадам 2011 жылы "ыстық желіні" қүру, бұл интернетте жұмыс істейді, телефон нөмірі арқылы да сайт www.safekaznet.kz арқылы да қол жетімді. Заңсыз контент анықтағыны туралы жіберілген хабарламалар конфиденциалды түрде жүсеге асырылады. Келген ақпараттар құқық қорғау органдарына хабарланып, құқық бұзушыларды анықтап оларға шаралар қолданылады.

 

Бұндай ыстық желілер басқа мемлекеттерде де жұмыс істейді. Мысалы, Ресейде 2011 жылдың 1 қаңтарындағы ақпараттар бойынша 20 мыңға жуық хабарлама қабылданды.

Жақында ресейлік әйгілі "ВКонтакте" атты әлеуметтік желісі құқыққа қарсы контент туралы дабыл қаққан болатын. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл контенттің бәрі қатаң фильтрленіп, заңсыздары жойылады деп хабар еткен болатын.

 

«Біз әдетте заң бұзушылық әрекеттер мен контентпен күрес тек қана мемлекеттің жұмысы деп ойлауға үйреніп қалдық, алайда қазір қоғамның да өзіне жауапкершілік алуға дайын екенін көре аламыз. Және Интернет Ассоциацияның бүгін осындай өкілді қауымды жинап, әрқайсысына өз ойын айтуға мүмкіншілік бергеніне өте ризамын» , – дейді Мәжіліс Депутаты Мурат Абенов.

 

Қазіргі кезде Интернет балалардың өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Интернет дамуымен қатар, “ата-аналық бақылау” қызметін енгізу мәселесі өте маңызды болып бара жатыр. Білетініміздей көптеген антивирустар өз тауарларында сондай қызметті ұсынады.

 

Байланыс операторлары мен хостинг-провайдерлардың айтуы бойынша заңға қайшы келетін контент санының қысқартылуы позитивті мәлімет пен пайдалы сервистар ұсынатын

 




 

Ұйымдастырушылар дөңгелек үстел өткізу дәстүрге айналып, ал www.safekaznet.kz сервисі мемлекет, бизнес және қоғам өкілдерінің “қауіпті” контент және қарым-қатынастың нәтижелі тәсілдерін талқылау алаңына айналады деп үміттенеді.

Қосымша мәлімет:

«Қазақстан Интернет ассациациясы» ЗТБ Қазнеттегі заңсыз контентке қарсы іс-қимылдың «қызу байланысын» орнату бойынша:

  • Балалар порнографиясы;
  • Балаларды жыныстық эксплуатациялаудың өзге түрлері;
  • Құрбандарды тарту бойынша педофилдердің әрекеттері;
  • Терроризмді насихаттау мен ақтау, террористік ұйымдармен байланыс және оларды тарту;
  • Саяси экстремистік сипаттағы ұйымдарды насихаттау, байланыс және оларды тарту;
  • Сектанттар мен діни экстремистерді насихаттау, олардың әдептерді тартуы;
  • Дербес деректер, тұлғаның ары мен намысына қарсы қылмыстар;
  • Есірткі мен оларды қолдануды насихаттау;
  • Қылмыстарды насихатттау, оларды жасауға итермелеу;
  • Интернет-алаяқтық;
  • Бағдарламалық-техникалық қауіп;
  • Өзге интернет-қауіптер

 

«Қазақстанның Интернет ассоциациясы» ЗТБ 2009 жылдың шілдесінде Қазақстан нарығындағы барлық интернет қызметтердің қатысушыларын біріктіру, коммерциялық, қоғамдық, және мәдени саладағы инновациялық интернет технологияларды енгізуге көмек көрсету мен нарық қатысушыларының мүддесін мемлекеттік билік органдарында ұсыну мақсатында құрылды.

 

Байланыстар:

 Ляхов А.Е. – ҚИА вице-президенті

 Тел: +7 (705) 305-68-79

 ALyakhov@gmail.com

 www.iak.kz