Басты » Жаңалықтар » Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел «Қазақстанның қауіпсіз интернет-кеңістігі: қоғам мен бизнес мәселелері»

«ҚИА» ЗТБ 2011 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласы "ИнтерОтель Астана" қонақ үйінде (Ұлытау залы) «Қазақсатнның қауіпсіз интернет кеңістігі: қоғам мен бизнестің міндеттері» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің жұмысына Интернеттегі заңсыз контентке қарсы іс-әректтер үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарының Интернет желісінің қазақстандық сегментіне қатысушылардың әрекеттерін үйлестіруді жақсарту үшін негізгі бағыттарды анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ірі интернет қорларының иелері, байланыс операторлары, хостинг-провайдерлер қатысты.

 

Алғашқы дөңгелек үстелді өткізу кезінде (27 маусым 2011 ж.) «Қазақстанның Интернет ассоциациясы» бұл бағытта алғашқы қадам жасап, Қазақстандағы қауіпсіз Интернеттің «қызу байланысын» құрды. «Қызу байланыс бұл - Интернеттің кез келген пайдаланушысы, оның көмегімен желіде көрген заңсыз сегмент туралы хабарлай алатын арнайы интернет қызметі. Хабарламаны алғашқы тексеру қорытындылары бойнша «Қызу байланыс» мамандары осындай контенттің айналымын тоқтату (құлыптау, жабу, тағы басқа) бойынша әрекеттер жасайды, сондай-ақ Қазақстанда қауіпсіз интернет кеңістік құруға көмек көрсетеді. Сонымен қатар, заңсыз контентпен күресудің негізгі жылдық қорытындылары өткізіліп, осы бағытта азаматтық қоғам мен бизнес тарапынан кейінгі қадамдар белгіленетін болады.