Басты » Жаңалықтар » «Жасөспірімдер үшін ғаламторды қауіпсіз ету жолдары»

«Жасөспірімдер үшін ғаламторды қауіпсіз ету жолдары» баспасөз ақпараты

14 cәуір 2014 жылы 10-00 де Алматы қаласы "Қазжол" мейманханасында ("Бәйтерек" залы), Ғаламторда заңсыз контенттің таралуы, әсіресе жасөспірімдерді ғаламтордағы қауіпті ақпараттардан қорғау мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстелі өтеді. Аталған іс-шараны Қазақстанның Интернет Ассоциациясы, Kcell мобильдік операторының қолдауымен ұйымдастырады.

 

Аталған іс-шараға мемлекеттік ұйымдардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы өкілдері, сонымен қатар жасөспірімдерді қорғау қызметін атқаратын қоғамдық ұйымдар, бизнес бірлестіктердің өкілдері және қазақстандық атақты веб-сайттардың иелері қатысады.

 

Дөңгелек үстелде қозғалатын мәселелер:

-  Қазақстандық Ғаламтор сегментінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдардың атқаратын қызметі;

-  Ғаламтордың жағымсыз әсерінен жасөспірімдерді, өскелең ұрпақты қорғау әдістері мен механизмдері;

- Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өзара ынтымақтастық мүмкіншіліктері

 

Жасөспірім порнографиясы, суицидті, нашақорлықты, ұлтшылдықты, ксенофобияны, экстремизм мен террорлық әрекеттерді насихаттау, бұл ғаламтордан келетін қауіптердің толық тізімі емес. Қазақстанның Интернет Ассоциациясының мәліметтері бойынша 2013 жылы шұғыл байланысқа 612 хабарлама келіп түскен:

  • Ғаламторда жәбірлеу мен қудалау - 52,29%;
  • Нәсілшілдік пен ұлтшылдық, ксенофобия - 26,63%;
  • Ғаламтордағы алаяқтық - 15,03%;
  • Заңға қайшы келетін контент (терроризмді қолдау және насихаттау, жалған сөйлеу, жеке меншікке қол сұғу) - 6,2%.

 

Дөңгелек үстелде әлемдік ғаламторда заңға қайшы келетін контент таратумен тиімді күресу механизмдері талқыланады. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың ойынша, бұл мәселеге ғаламтор-қолданушылар белсенді ат салысу қажет. Қазірдің өзінде ғаламторда заңсыз контентке анонимді түрде Safekaznet шұғыл байланысына шағымдануға болады, ол үшін http://www.safekaznet.kz сайтында электрондық форманы толтыру жеткілікті. Шұғыл байланыстың сарапшылары контенттің мекен-жайын анықтап, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеріп, заңсыз болып танылған жағдайда, құқық қорғау органдары арқылы оны жою немесе блоктау сияқты шұғыл шаралар қолданады.

 

Барлық хабарламаларды арнайы дайындалған мамандар қарастырады. Келіп түскен ақпараттың барлығы тексеріліп, тіркеуден өтеді. Заңсыз контентке жолыққан жағдайда, қауіпті контентті жою мақсатында Қазақстанның Интернет ассоциациясы интернет-ресурстың иесіне немесе хостинг-провайдерге шағымданады. Өткен жылы «шұғыл байланыс» INHOPE халықаралық ұйымымен жұмыс барысында сексуалды зорлықты көрсететін 467 сайттар туралы мәлімет алып, нәтижесінде ол сайттардың парақшалары жойылды.

 

Мекен-жайы: Алматы қ., «КАЗЖОЛ» қонақ үйі, (Гоголь к. 127/1),

Конференц зал: «Байтерек», 9 қабат

Уақыты: 10:00-12:00

Байланыс: Александра Чернявская, +77015181611

Қазақстанның Интернет Ассоциациясы баспасөз ақпараты

Тел.: +7 272 272-05-61

Email: office@iak.kz