Басты » Жаңалықтар » Дөңгелек үстел

«Қоғам және үкімет: ынтымақтастық жолдары» дөңгелек үстелі

2 қазан күні, сағат 11:00-де, ШҚО талдау және болжау институтының конференц-залында «Қоғам және үкімет: ынтымақтастық жолдары» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Шығыс-Қазақстан облысында қоғамдық ұйымдардың даму жолдары, аймақтың азаматтық қоғам өкілдерін заңнамаларды талқылауға, ЩҚО үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнамаларға ұсыныстар мен өзгерістерді даярлау мен ұйымдастыруға шақыру.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен “Қазақстанның Интернет Ассоциациясы” және Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі болып табылады.

Дөңгелек үстелде үкіметтік емес ұйымдардың үкіметпен ынтымақтастық жолдарының даму мәселелері, сондай-ақ азаматтық сектордың даму жолдары, қоғамдық институттармен конструктивті серіктестік жүйесінің дамуы және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті нығайту механизмінің бірі болып табылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау мүмкіндіктері талқыланды.

Аталған іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ішкі саясат басқармасы, аймақтың БАҚ өкілдері, блогерлер және «Қазақстанның Интернет Ассоциациясының» өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар туралы қысқаша ақпарат:

 

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, ақпарат аясында, этноаралық татулықтың, ішкі саяси тұрақтылықтың, тілдер, архив және документацилардың, мемлекеттік рәміздердің, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемелекеттік органы.

 

"Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" ЗТБ

"Қазақстанның Интернет Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі - бұл желінің қазақстандық сегментінің инфрақұрылымын жақсарту, ортақ ережелер құру және индустрияда бар мәселелерді анықтау бойынша бірлескен жұмыс үшін Қазақстанның интернет-қауымын нығайту мақсатында құрылған бірлестік. Сонымен қатар интернет-кеңістігін зерттеу және оның мониторингінің оның дамуының жалпы көрсеткіштерін анықтау, негізгі тенденцияларды шығару және даму жолдарын болжау үшін айтарлықтай маңызы бар қоғамдық ұйым.

 

Өткізілетін орны: Өскемен қ., ШҚО талдау және болжау институты

Уақыты: 11:00-13:00

Қазақстанның Интернет Қауымдастығының баспасөз қызметі

Тел.: +7 701 805 39 97

Email: office@iak.kz