Басты » Жаңалықтар » Тексеру іс-шаралары

Тексеру іс-шаралары

2011 жылғы 15 қазанда Астана қаласының аумағында Зияткерлік меншік құқығы комитетінің, Астана қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері Астана қаласының Ішкі істер департаментінің, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің «Арнайы жедел шара қолдану тобы» арнайы бөлімшенің қызметкерлерімен бірігіп, «СТВ» телеарнасының ақпараттық қолдауымен базарлардың, сауда үйлерінің және т.б. жанындағы аумақтарында контрафактілік дыбыстау бейнелеу туындыларын заңсыз сату нысанасына бірлескен тексеру іс-шараларын жүргізді.

Осы іс-шара контрафактілік өнімдерді сатуға жол бермеу мақсатында жүргізілді.

Тексерушілер 2011 жылғы 15 қазанда барлығы контрафактілік өнімдерді заңсыз тарататын 14 орынды анықтады, соммасы  617 700 теңгені құрайтын 2 021 дана дыбыстау бейнелеу өнімін, оның ішінде 589 200 теңгені құрайтын 1 964 DVD-дискі және 28 500 теңгені құрайтын 57 CD-дискі алды.

 

Контрафактілік өнімді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының 11 азаматы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған тұлға ұсталынды.

 

Астана қаласының Алматы ауданы аумағында контрафактілік өнім тарататын 7 орын («Артем» СО – 3 орын, «Лұкман» СҮ – 1, «Шанхай» базары – 3) анықталып, барлығы 1 067 дискі, оның ішінде 1 037 DVD және 30 CD-дискі алынды.

 

Астана қаласының Сары Арқа ауданы аумағында контрафактілік өнім тарататын 4 орын («Московский» СҮ – 1 орын, «Дәулет» СҮ – 1, «Саянур» базары – 1, «Шанхай» базары -1 анықталып, барлығы 480 дискі, оның ішінде 454 DVD және 26 CD-дискі алынды.

 

Сондай-ақ, тексеру барысында белгісіз тұлғалармен 3 орында тасталған:

- «Лұкман» СҮ аумағында 1) 42 600 теңгені құрайтын 142 дана DVD-дискі және 500 теңгені құрайтын 1 дана CD-дискі, 2) 63 300теңгені құрайтын 211 дана DVD-дискі;

- «Шанхай» базары аумағында 36 000 теңгені құрайтын 120 дана DVD-дискі табылды.

 

Ұсталған тұлғалар мен алынған өнім ішкі істер органдарына қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалды шешімін қабылдау үшін жіберілді.

Ұқсас тексеру шаралары еліміздің барлық аумақтарында өткізіледі.

 



 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Зияткерлік меншік құқығы комитеті