ОЮЛ “Қазақстанның Интернет ассоциациясы » ЗТБ халықтың, атап айтқанда жастардың интернет сауаттылығын арттыру мақсатында белсенді білім беру жұмысын атқаруда. Осы мақсатта Алматы және Алматы облысы мектептеріне үнемі барып тұрамыз. Лекцияларда интернетте білім алу, өздігімен даму, бағдарламалау, дизайн тағы басқалардың дағдысына үйрету тәсілі туралы айтылады. Сондай-ақ, университеттерде лекциялар, мектептер мен колледждерде кәсіптік бейімделу сабақтары өткізіледі.