ОЮЛ “Қазақстанның Интернет ассоциациясы » ЗТБ халықтың, атап айтқанда жастардың интернет сауаттылығын арттыру мақсатында белсенді білім беру жұмысын атқаруда. Осы мақсатта Алматы және Алматы облысы мектептеріне үнемі барып тұрамыз. Лекцияларда интернетте білім алу, өздігімен даму, бағдарламалау, дизайн тағы басқалардың дағдысына үйрету тәсілі туралы айтылады. Сондай-ақ, университеттерде лекциялар, мектептер мен колледждерде кәсіптік бейімделу сабақтары өткізіледі.
№139 мектебіне сапар
2011 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласының № 139 мектептің оқушыларымен кездесіп, олармен интернет туралы әңгімелесіп, оларға әдеби Lit.kz. порталы туралы айтып беруге келдік. Кездесуге біз үлкен ұжым болып бардық.
Бүгін таң ертең біз Lit.kz командасымен бірге оқушылармен инетрнет туралы әңгімелесу үшін алматылық №40 мектепке бардық. Оқушылар біздің қуанышымызға орй өте білікті, алғыр, сонымен қатар тәрбиелі болып шықты =). Әңгіме қызықты болды.
Қазақстанның Интернет Ассоциациясы жүргізетін білім беру қозғалысы бұдан әрі де жалғасатын болады. Біз жылдың соңына дейін мектептерде дәріс оқуды жоспарлаудамыз.
Бүгін ұзақ мейрамдардан кейін, қала енді оянып жатқанда біз Ерсултан пен бірге сабақ өткізу үшін №72 мектепке қарай жолға шықтық. Мектеп Жандосова-Правдада орналасқан. Біз онда кептеліске дейін жетіп алып, өз сабағымызды бастадық.
Сейсенбі 2011 жылдың 17 мамырында Таугүлдегі №127 мектепке бардық. Твиттерде біздің мектепті қалай таңдайтынымыз жөнінде көп сұрақтар болды. Шынын айтқанда ретсіз, бірақ негізінен жақын орналасқандарды таңдаймыз =)