Басты » Жобалар » Білім беру » №127 мектебіне сапар

№127 мектебіне сапар

Сейсенбі 2011 жылдың 17 мамырында Таугүлдегі №127 мектепке бардық. Твиттерде біздің мектепті қалай таңдайтынымыз жөнінде көп сұрақтар болды. Шынын айтқанда ретсіз, бірақ негізінен жақын орналасқандарды таңдаймыз  =)

 

 

 

Оқушыларға лекция оқу, ойлағандай, оңай емес. Ал алдында жазғы демалыстар күтіп тұрған оқушыларға екі есе қиын =)

 

Лекция тақырыбы «Тәуелсіздікке 20 жыл Казнетке 20 жыл» болды. Біз Казнеттің қалай дамығындығы, оның эволюциясының негізгі кезеңдері және оны болашақта не күтіп тұрғандығы туралы айтып өттік. Қазақстанның Интернет Ассоциациясы өткізіп жүрген білім беру қозғалысы Қазақстан мектептерімен өз қозғалысын жалғастыруда. Пікір айтуларда Қазақстанның басқа қалаларына жиі шақырып жатады. Менің пікірімше, біз біртіндеп оларға да жетеміз.