Басты » Жобалар » Білім беру » №139 мектебіне сапар

№139 мектебіне сапар

2011 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласының № 139 мектептің оқушыларымен кездесіп, олармен интернет туралы әңгімелесіп, оларға әдеби Lit.kz. порталы туралы айтып беруге келдік. Кездесуге біз үлкен ұжым болып бардық. 

 

Кездесу тамаша өтті, адам көп болып, біздің тақырыпқа қызығушылық үлкен болды, дегенмен оны әлеуметтік желілір бойынша серфинг және онлайн ойындары үшін пайдаланса да қалалық мектептерде интернет туралы ауылдық мектептерден әлде қайда көп біледі.

Бұл жолы кездесу мәжіліс залында, проектормен өтті, жалпы барлығы қажеттегідей болды.

 

Кездесу 10-11 сынып оқушыларымен өтті. Яғни ересек болып қалған адамдар, жақында студент болады. Бірінші болып  RamErs сөйледі, ол Lit.kz негізгі мүмкіндіктері туралы не үшін қажет және кім үшін жасалғандығы туралы айтып берді. Одан кейін мен сөз сөйлеп, порталды қалай пайдалану керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып бердім.



 

Балаларға барлығы түсінікті болуы үшін, біз барлығын іс жүзінде проекторда көрсеттік. Яғни интернетке Билайн 3G арқылы қосылып, сайтқа кіріп, логинді ашып, оның функционалдарын көрсете бастадық, жалпы бұдан былай бұған үлкен назар аудару керек деп ойлаймын.

Менен кейін subaur сөз сөйледі, ол блоггинг және Yvision.kz блог-платформасы туралы айтып берді, аудитория оны мұқият тыңдады:

 



 

Ең соңғы болып smerch сөйледі, ол аудиториямен әңгімелесті, ал содан кейін біз сыйлықтарды ойнаттық. =) Мына бала интернетпен байланысты барлық дерлік сұрақтардың жауабын білген.

 



 

Тақырып қызықтырған, және сұрақ қоюға үлгермей қалғандармен әңгімелесу.  

Жалпы сапар жағымды әсер қалдырды. Жастарды қызықтыру мен оларды үйрету әрдайым қызық. Атай кетейік, Ювиженецтерді, Алматы мен оның маңында оқығандарды осындай сапарларды ұймдастыруларын өтінгіміз келіп отыр. Яғни, сіз өзіңіз оқыған мектепке барып, директормен сөйлесіп, оған ненің не екенін түсіндіріп бізбен хабарласасыздар. Меніңше бұдан барлығына, сіздің мектебіңізге де, оқушыларға да бізге жақсы болады. =)