Басты » Жобалар » Білім беру » №165 мектебіне сапар

№165 мамандырылған мектеп-лицейіне сапар

Қазақстанның Интернет Ассоциациясы  жүргізетін білім беру қозғалысы бұдан әрі де жалғасатын болады. Біз жылдың соңына дейін мектептерде дәріс оқуды жоспарлаудамыз.


Бұл қозалыстағы ең маңыздысы – мектеп оқушылары тарапынан қарсы қозғалыс. Ол, қуанышқа орай бар. Өздерін қызықтыратын тақырыптарға сұрақ қоятын көздері жанып тұрған оқушыларды көру өте сүйсіндіреді. Жанарларында от жандыру қуантады. Үздікке талпыну, дамуға талпыну оты.

Әр мектеп өз бетінше бірегей. Әр мектепте, өзінің рухы бар. Мен бұны бірнешесіне барғаннан кейін түсінетін болдым. Өткен сенбіде, біз №165 техникалық лицейде болдық. Бұл мектепте оқушылар қайда оқуға бару керек, немен айналысу қажет және не істеу керектігін жақсы біледі. Бірақ бүгін мен жалпы мекптептер мен оқушылар туралы айтып өткім келеді.

Мен мектепте оқыған кезімде, барлықтармен әңгімелесу орыны көше болатын. Достардың арсында жүру үшін көлік құралы – велосипед, самокат, ат болғаны тіптен жақсы. Қазір балаларда, тағы бір көлік құралы – интернет бар. Және оны негізінен достарымен хабарласу үшін пайдаланады. Велосипедті пайдалану арқылы спорттық қабілетті дамуты секілді интернетті пайдаланып өз ми қабылетін дамытуға болады. Бастысы оқушыларға оны қалай жасалатынын көрсету қажет.

 

Заманауи оқушылар бұрынғыдай емес. Оларды бір нәрсемен таң қалдыру қиын. Олар барлығын көрген және естіген. Олардың максималдығы көп, ал қағып алулығы төмен. Бірақ бұл жақсы да. Қазіргі уақытта бір орында отыруға болмайды, қозағалу керек, лажы болса алға қарай.