Басты » Жобалар » Білім беру » №72 мектептегі лекция

№72 мектептегі лекция

Бүгін ұзақ мейрамдардан кейін, қала енді оянып жатқанда біз Ерсултан пен бірге сабақ өткізу үшін №72  мектепке қарай жолға шықтық. Мектеп Жандосова-Правдада орналасқан. Біз онда кептеліске дейін жетіп алып, өз сабағымызды бастадық.

 

Бұл постіде өз лекцияларымды не үшін оқитыным туралы айтып бергім келіп отыр.

Барлық лекторлар лекцияларды үлкен аудитория үшін оқиды, бірақ меніңше көпшілік лекторлар барлығын бірдей қамту мүмкін еместігін түсінеді. Оның үстіне мұғалім сияқты үнемі оқытып емес, бір нәрсені айтып беру үшін бір рет қана келгенде, әдіс те мүлде басқа.

 

Лекцияларды мен тыңдайтын, түсінетін бірнеше адам үшін ғана оқимын. Менің сөздерімнен кейін ең болмағанда 1 адам әрекетке құлшынып, ойланып бір нәрсе істер болса лекция бекер өткізілмеді деуге болады.

 

 

 

Көбіне бұл адамдар тыныш отырып, саған мұқият назар аударады. Соңында сұрақ қояр уақыт жетіп, барлығы сабақтан қашуға ұмтылғанда, сыныптастарының ашуына қарамастан сұрақтар қояды.

 

 

5 жылдан кейін бұл жұмыстың жеміс әкелетіндігіне сенімдімін. Көбіне мен айтқандай, тыңдайтын және естігісі келетін адамдар көп емес. Сыныпта 2-3.

Әдеттегідей ең қызықтының барлығы дәлізде болады. Жігіттер тақырыпқа өте қызықты, ал мен олардың дайындық деңгейіне қызықтым. Байланыс ақпаратпен алмасу.

 

 

Еңбек еш кетпейді деп ойлаймын, біз білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз. Іс жүзінде бұл біздің ұрпақ, біз көтермей кім көтереді.

 

Сөз сөйлеу тақырыбы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – Қазнетке 20 жыл». Қазақстанның интернет ассоциациясы Қазақстан мектептерінде білім беру қозғалысын жалғастыра береді. Сондай-ақ таяуда, енді бастап жатқан веб-әзірлеушілер үшін қосымша материалдар шығару жоспарлануда. Сондықтан жұмыс жүріп жатыр! =)