Басты » Жобалар » Қазақ тілі » CMS аудару

CMS аудару

«Қазақстанның Интернет ассоцияациясы» Kcell-дың қолдауымен соңғы үш айда сайттарды басқарудың танымал жүйелерін қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізді. Аударылған жүйелердің қатарында кез келген қиындықтағы сайтарды құрудың тегін жүйесі Drupal, блогерлер үшін негізгі ретінде пайдаланылатын сайттарды басқарудың танымал жүйесі Wordpress бар. Жақын болашақта көптеген қазақстандық сайттар жұмыс істейтін танымал жүйесі Joomla аударылатын болады. Барлық аудармаларды қызығушылық танытқандарға тегін көшіріп алуға болады. Таяуда бастаушы пайдаланушыларға жүйелер деректерін орнату үшін жинақтар шығарылатын болады.

 

Аударма бойынша бұл жоба тек қана жаңадан жасалып жатқан сайттарға ғана көмектесіп қоймайды,сондай-ақ бар сайттарға да пайдасын тигізеді, оларды жасаушылар өз интерфейстеріне қазақ тілін ешқандай кедергісіз мүлде тегін орната алады. Барлық материалдар (сайттарда онатуға аранлған жинақтар, оқшаулау молудьдері, веб-терминдер сөздігі www.kazinternet.orgсайтында орналастырылған).

Интерактивтік және көркем сайттардың пайда болуы мақсатында бірқатар декоративтік шрифтер жасалатын болады. Оларды пайдалану сайттарды қызытыратын етуге мүмкіндік беріп, рәсімдеуші дизайнерлерге қазақ тілінде сайттарды жылдам және оңай жасауға септігін тигізеді.

 

Жалпы, бұл бағдарлама бастаушы веб-шеберлерге қазақ тілінде сайт жасау үшін кіру шегін төмендетуге, қазақ тілінде сайттарды жасауды танымал етуге, бар сайттарды қазақ тіліне аударуды оңайлатуға бағытталған, сайттарды әзірлеуде веб-шеберлерге көмек көрсету, интернетте қазақ тіліндегі сайттар үлесінің артуының көрсеткіші

 

Сонымен қатар, интернеттегі қазақ тілінің дамуы үшін техникалық проблемалар арасында бағдарламалық өнімдердің тапшылығын атауға болады, шетелдегі қазақстандықтармен хабарласу үшін кирилицадан латиницаға, араб жазуына шрифтпен траслитерация бойынша бағдарламаның жоқтығы. Сондай-ақ басқа жағдайларда кирилицаны ауыстырусыз тек интернет үшін қазақ тіліне арналған латын алфавитін әзірлеуге болады деген пікірлер де шығуда, оны кей кезде желіні жеке пайдаланушылар жасайды. Қазақ тілін кирилицадан латиницаға аудару мүмкіндігі туралы мәселе де интернет қауымдастығы арасында әртүрлі пікірлерді туғызуда

 

Ұйымдастырушылар қазақ тіліндегі контенттің проблемалары мен болашағын дөңгелек үстел форматында бірлесіп талқылау Қазнеттегі мемлекеттік тілді танымал етуге интернет қайраткерлерінің күшін шоғырландыруды жылдамдата түседі.