Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2023
Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келеді, алайда әзірге мемлекет пен қоғам күшінің бірігуі жоқ. Бірікпеген ұстаным қазақ тіліндегі қорларға жаңа сапалы деңгейге өтуге мүмкіндік бермей отыр. Интернет белсенділері техникалық аспектіге сенеді, журналисттік өкілдер көп терминнің аудармасына күмәнмен қарайды, сайттарды қолдауға бағытталған бағдарламалар өзектілігін жоғалтуда, қоғамдық ұйымдар Қазнетті талдауда үлкен жұмыс атқаруда, бірақ көбінесе ол елеусіз қалады. Қазенттің сарапшылары "Мәселенің кешенді сипаты бар, оның шешімі тілді үйренуді насихаттау мен жарнаманың біртипті міндеттеріне жатпайды" деп сендіреді.
Асхат Еркімбай, «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығының жетекшісі:«Ия, Қазнетте қазақ тіліндегі веб-қорларды белсенді дамытуға күресіп жатқан адамдар бар. Бірақ, меніңше ортақ жұмысты синхрондау үшін бейресми ұйым құру қажет. Сондай-ақ, қазақ тілінде қажетті және сапалы контентті жасаумен өз бетінше айналысып отырған адамдар үшін қаржылық және техникалық көмек қарастырылу тиіс. Қазақ тіліндегі қорлардың пассивті даму себептерінің бірі контентті құрушылардың бір бірін танымауында, олардың дамыту, аудару және бастамалар бойынша әрекеттері шашыраңқы. »
Айдос Сырым, «Абай-ақапарат» ҚҚ вице-президенті (www.abai.kz): «Мен қазақ тіліндегі қорлар Қазнеттің сыртында қалып отыр деп санамаймын. Одан да күрделі мәселе бар, нағыз Қазнет деп нені есептеу қажет? Жеке өзімнің пікірімше, Қазнет болашақта қазақ тілінде таратылып, латын графикасында көрініс табатын болады. Бұл мағынада мен Антон Носикпен және орыс тіліндегі контентті дербес құбылыс деп санамайтын басқа да ресейлік интернетшілермен келісемін. Бұл – уақытша және өткінші кезең, болашақта шерген былғары сияқты қысқарып, қысылатын болады. Қазақ интернеті көтерілу үстінде, сапасы және саны жағынан тек өсе беретін болады. Бүгінгі ойыншылардың көпшілішігің сәттілігі болашақта қазақ қорлары мен жобаларын инвестициялауды еретерек бастауымен белгіленетін болады.
Қазақ тілді нарық – бұл орыс тіліндегі Казнетті ауыстыруға бағытталған әлеуметті ірі нарық. Егер оны нарық ретінде қарастыратын болсақ, онда соңғы екі жылда барлық соңғы жылдармен салыстырғанда сайттар мен жаңа жобалар көптеу пайда болған. Қазақ интернетінің проблемалары тілдің дамуы мен жалпы мемлекеттік саясаттың үлкен проблемаларымен байланысты. Жыл сайын маргиналды саладан ресми мейстримдерге өту жылдамырақ жасалатын болады. Тағы бір проблема бүгінгі күнге дейін қазақ интернеті патриоттар, тіл мен мәдениет жанашырларының ісі болған. Осы кезеңді қаншалықты ертерек аяқтаса, соншалықты жақсы.
Қай кезде қазақ интернеті қызығушылықтан бизнеске айналады? Меніңше бұл үш және бес жыл аралығындағы мерзім. Қазақ интернеті кешіктіріліп пайда болды. Бірақ ол жіберіп алғандарды жылдам қуып жетуде».
Руслан Минулин, Қазақстан жастары МедиаОдағы жобасының үйлестірушісі (Let's speak қазақша!): «Қазақ тіліндегі қорлардың мақсатты аудиториясы жоқ. Кей кезде бұл кезекті «тілім деп зарлайтындардың» жеке амбицияларын қанағаттаныдруға араналған алаң: бұл қордың аудиториясы «зарлаушының» өзі. Кей кезде бұл қарапайым және жарқын ғана балалар қоры – бірақ ауылдық балалардың Интернетке қолы жетпейді, сондықтан бұл платформаның да аудиториясы аз. Мен жеке сабақтар алған оқытушылар интернетте отырмайды, e-mail-дың өзін әрең игеруде - сондықтан қазақ тіліндегі қорлар олардың өмірінен тыс өтуде. Нақты аудитория - әлеуметтік желілер бойынша таратылған офистік планктон. Бірақ оны көпшілік пайдаланбайды. Нақ осыдан бастау қажет. Егер адамдардың көп уақыты Одноклассник (сыныптас), М-Агент, Skype және т.б. жұмсалса - онда қазақ тіліне олардың уақыты болады. Жәй ғана оны олар үшін қызықты ету қажет. Осында және қазір. Тап осымен біздің Let’s speak қазақша! жобасы айналысуда және оның керемет Facebook тобымен бірлесіп СӨЙЛЕ! Club at the KIMEP атымен айналысуда.
Мемлекеттің акценттері
Осы жылдың маусымында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің жарлығымен Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның жүзеге асу қорытындылары бойынша 2014 жылға мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі 20%-ды, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы - 95%-ды құрайды деп жоспарлануда.
«…Егер 1991 жылы Қазақстанда қазақ тiлiнде небәрi 82 басылым шыққан болса, бұл көрсеткiш биыл 523-ке жеттi. Елiмiздегi кiтаптардың 80 пайыздан астамы қазақ тiлiнде жарық көруде. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, қазақ тілінің құлашын кеңге сермейтін күні алыс емес деп сенемін», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сарапшылар қазақ тілінің даму проблемаларының бірі тілді үйрену мен пайдаланудағы әкімшілік әдістердің абсолюттігінен деп атайды, оның ішінде іс-жүргізуді қазақ тілінде енгізу, бағдарламалардың мерзімін белгілеу де бар. Бұл ретте тіл үйрену мен эксклюзивті контентті құруға аз назар аударылуда.
«Елдің әр азаматы студент, жас жұмысшы, менеджер, отбасының әкесі, мемлекеттік қызметші, бала тәрбиелеп отырған ана маған және менің балаларыма тілді не үшін білу қажет және қалай оны жасайман деп сезінуге тиіс. Тілді үйренуге деген тек саналы көзқарас, тек оның не үшін қажеттігін түсіну сізді табысқа жетелейді. Мен білемін не туралы айтып отырғандығымды, өйткені өзім бірнеше тіл үйрендім», -- деп жазған ҚР-ның премьер-министрі Кәрім Мәсімов өз блогында.