Басты » Жобалар » Қазақ тілі »  Веб-терминдер сөздігі

Веб-терминдер сөздігі

Қазақ тілін интернетте дамытумен қоғамдық ұйымдар да айналысуда. Мысалы, қазақ журналистерін қолдау орталығы «Мінбер» қазақ тіліндегі эксклюзивті контент пен мультимедиалыққа сенім артады. Орталық қазақ тіліндегі журналистерге жаңа медиа-құралдарда пайдалану бойынша үнемі тернигілер мен семинарлар өткізілуде.

 

 

Журналистер Руслан Минулин және Светлана Галиеваның Қазақстанның Жастар медиаодағы құрамындағы «Let’s speak қазақша!» жобасы қазақ тілін үйренуде белсенді өмірлік ұстанымның айқын көрінісі болды. Жобаның идефиксі – трилингвизм мен ең алдымен журналистер арасында тілді үйрену себебін арттыру. Жобаны жасаушылар Интернетте де офлайнда да қазақ тілінде сөйлеуге дер қоюда.

 

«Қазақстанның Интернет ассоциациясы» өз тарапынан Kcell сауда маркалы «GSM Kazakhstan» ЖШС компаниясымен бірлесіп интернеттегі қазақ тілін дамытуға өз үлесін қосуды шешті.

«Қазақ тілінде сайт жасаудың қиындығы соңғы бірнеше жылдары қатты сезілуде. Өз сайтын қазақ тілінде жасағысы келген әр веб-мастер оның интерфейсін қазақ тіліне өзі аударуға мәжбүр. Қазақ тілінде сайт жасаумен айналысқан веб-мастерлердің барлығы осылай жасаған. Бұл уақытты жоғалтатын, оған көп күш жұмсалатын, содықтан әзірлеме қымбатқа түсетін. Сонымен қатар, әр сайт дербес аударылғандықтан, барлық сайттың аудармасында терминдерді пайдалануда айырмашылықтар болған. Осылайша пайдаланушы, әр жолы жаңа интерфейсті пайдалануда қиналған»- деп санайды «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның атқарушы директоры Әсет Нүрпейісов.

 

Спецификалық терминдер аудармасының әртүрлілігі - қазақ тілінде сайт жасаушыларына таныс проблема. «Oitobe.kz сайтының жоба менеджері Жалғас Ертайдың айтуынша, «мәселе тек веб-терминдерге ғана қатысты емес, барлық салада да қазақ тілінде терминдердің әртүрлілігі бар. Меніңше ақпараттық технологиялар саласында орыс-ағылшыннан қазақ тіліне аударатын бірнеше сөздік бар, бірақ түсініксіз сөздер мен терминдер осы басылымдарда кездеседі. Оның бәрі интернет қауымдастығының қатысуынсыз жасалғандықтан орын алған. Тап осындай дөңгелек үстел барысында интернет-белсенділері мен қазақ тілінің жанашырлары осы мәселелерді талқылай алады. Пікір алмасу үшін осындай алаңды желіде де құруға болады, ол жерде осындай пікірталастардың нәтижелері қолжетімді болып, қарапайым пайдаланушылардың қарауына ұсынылады», - деп қосты ол.