Қазақстанның Интернет Ассоциациясы© 2010
«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің маңызды міндеттерінің бірі Интернет желісінің ұлттық сегментін танымал етумен қатар, сондай-ақ оның барлық пайдаланушыларының мүддесін ескеретін гармониялық орта ретінде оның дамуына көмек көрсету болып табылады.Сондықтын біздің жобаның мақсаты – қоғамдық құралдармен зұлымдыққа табыну мен зорлық, нашақорлық, порнография, экстремизм және терроризмді насихаттауға, әсіресе енді ер жетіп келе жатқан сезімтал ұрпақтың арасында қарсы іс-қимылдар бойынша шараларға көмек көрсету.
Біздің www.safekaznet.kz сайт арқылы Интернет пайдаланушылары адамның намысын қорлайтын және өзге өрескел материалдар, пікірлер мен роликтер орналастырылған қазақстандық сегменттегі интернет қорларға сілтеме жасап хабарлама жібере алады.
Веб-сайттың «қызу байланыс» мамандары барлық хабарламаларды қарап шығып, расталған жағдайда кідіртпей оны жою бойынша шаралар қолдану үшін интернет қордың иесімен немесе оның хостинг провайдерімен хабарласады.
Хостинг-провайдерлер және байланыс операторларымен өзара әрекеттесудің негізгі қағидалары 2010 жылдың маусымында қазақстандық жетекші хостинг провайдерлер мен байланыс операторлары арасында қол қойылған «Қауіпсіз интернет туралы» Декларацияда бекітілген.
«Біздің қоғамдық ұйымның күшімен Safekaznet.kz қорын құрып, біз заңсыз контентпен күресу жоспарында нақты қадамдар жасаудамыз. Біз тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ шетелдегі интернет қорларының иелерімен белсенді жұмыс істеудеміз – «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның президенті Владимир Туреханов.Бұдан былай да ҚИА бұл процеске белсенді қатысатын болады. Заңсыз контенпен барлығы бірлесіп, пайданушылар, байланыс операторлары мен мемлекетке күресу тиімді және дұрыс».