Басты » Жариялым » Өзгенің еңбегін бағала

Өзгенің еңбегін бағала – оның ақысын төле!

 

Ел экрандарына алғашқы толық қазақ тілінде дубляждалған «Көліктер– 2» анимациялық фильмінің шығуына


23 маусымда қазақстандық кинотеатрларда кино өнерінің ең жоғары стандарттары бойынша қазақ тіліне дубляждалған  алғашқы шетел фильмі – «Көліктер – 2» анимациялық фильмнің премьералық көрсетілімі өтті.

 

«Болашақ» ассоциациясы, «Меломан» компаниясы және «Pixar/WaltDisney» студиясы ҚР «Мәдениет туралы» заңына түзетулерді қазірден орындауға болатындығы туралы үлгі көрсетті. Түзетулерге сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық кинопрокатқа, тек мемлекеттік тілде дубляждалған нұсқасы бар фильмдер ғана кіргізілетін болады.

 

Голливудта фильмдерді басқа тілдерге сапалы аудару үрдісі қиындығы бойынша фильмді жасаумен салыстыруға болады, деп есептейді. Тек «Көліктер – 2» дубляждауға шамамен 40 жеке дауыс пен бір топ аудармашылар, редакторлар мен режисерлердің жұмысы қажет етілді. Нәтижесінде қазақ тілі фильм аударылған екінші түркі (түрік тілінен кейін) тілі болды!

 

Әрине, өте күрделі және қымбат жоба демеуші – «Алтын-Қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының қолдауысыз болмас еді, ол бұл игі іске шамамен 120 мың АҚШ долларын бөлді.

 

Кез келген фильмнің жасаушысы мен демеушілері үшін оның кең көрсетілімі кезінде кинотеатрларға келушілердің көп болуы маңызды, Қазақстанның Интернет ассоциациясы «Көліктер – 2» әлеуетті көрермендеріне жүгінеді:

 

Өзгенің еңбегін бағалаңыздар, фильмнің «қарақшылық» көшірмелерін интернетке салмаңыздар және оны өзгелерге жасауға жол бермеңіздер!