Басты » Жариялым » Дөңгелек үстел

Қазнеттегі заңсыз контент: алтын ортаны іздеуде

Алматы қаласында 2011 жылдың 27 маусымында өткен дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлері

«Қазақстанның Интернет ассоциациясының» www.safekaznet.kz «қызу байланыс» орнату труалы бастамасын дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қолдады, бірақ, сонымен қатар «қауіпті» контентке қарсы іс-қимыл механизмдерінің өзгешеліктерін атап көрсетті.

 

Қызықты пікірлерді қоғамдық ұйым өкілдері, байланыс операторлары мен интернет қорлараның иелері білдірді. Енді «алтын ортаны іздеудеміз»… 

 

Ғани Садырбеков, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:

«Қадағалау тәжірибесі көрсеткендей, Интернетте ақпаратты жіберу мен алу бойынша технологиялық жетістіктерді қылмыстық мақсатта жиі пайдалануда. Ерекше алаңдаушылықты қазақстандық пайдаланушылардың қолы жетімді шетел сайттарының террористік және экстремистік бағыттағы ақпаратты тарату туғызады. Қылмыстық істерді тергеуде Интеренет арқылы таратылатын материалдар арқылы террористік ұйымдарға тарту жүргізіледі. Осы интернет қорларда әртүрлі қызу нүктелерде әрекет етіп жатқан лаңкестік ұйымдар көшбасшыларының рухани уағыздарымен танысуға болады, сондай-ақ террористік актілерді жасау мен жарылшыш заттарды әзілеу туралы материалдармен таныса алады. Бұл әрине бізді мазалайды. Сондықтан уәкілетті органдар бұндай материалдарды анықтап, олардың заңсыз деп тану, сондай-ақ бұл сайттарға сот арқылы тыйым салу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы жылдың өзінде 15 шетел сайттарының жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 40 сайттың әрекетін тоқтату туралы 2 талап арызымыз қарау үстінде.

 

Екінші маңызды мәселе, біздің тәжірибе көрсеткендей жеткіншектердің өздеріне қол жұмсау әрекеттерін насихаттау, виртуалдық ойын түріндегі бұл шетелдік қорлар жастарға бағытталған деген тұжырымға келдік.

Жоғарыда аталған материалдардың Қазақстан аумағында лаңкестік пен экстремизмді насихаттауға тыйым салынған заңнаманы бұзып жүзеге асырылады.

Тиісінше заңсыз контенттік тарату құқық қорғау органдары, байланыс операторлары, инетернет қорлар иелері мен қоғамдық бірлестіктерінің жалпы өзара әрекеттесуінің арқасында қол жеткізуге болады

Жұмыс механизмдерінің бірі ретінде, астанада өткен ШЫҰ мүше мемлекет басшылары отырысының кеңесінде Мемлекет басшысы атап көрсеткендей Интернет желісінде электрондық шекараны орнатуды қарауға болады. «Қызу байланыс» құру идеясын «электрондық шекарашы» механизмі деп атауға болады. Егер біздің аумақтың шекарасынан деструктивті ақпарат кірсе – ол бір жерлерде топталып, талданып, тазартылады».

 

Мұрат Абенов, ҚР Мәжілісінің Депутаты:

«Бұл мәселенің өзектілігі туралы көп айтылуда. Интернетті қазір тек ақпаратты таратуға ғана емес, ол біздің өмірімізге нық кірді – біз бизнес жүргіземіз, білім аламыз, тауаралар сатып аламыз, Интернетте әңгімелесеміз. Бірақ бұл ретте Интернетті қылмыстық мақсатта пайдаланатын құрылымдар белсенділенуде. Бұл дөңгелек үстелді өз уақытында өтті деп санаймын.

 

Бұл мәселені тек құқық қорғау органдарына беру дұрыс емес. Интернет – көлемсіз және шексіз алаң. Және біз келісіп, барлық қоғаммен бұл контентке қарсы іс-қимылмен дұрыс құралдарын табуымыз қажет.

Қазақстанның Интернет-ассоциациясы заматтардың, құықық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардардың жігерлерін біріктіріп, жұмысты нәтижелілеу жасай алады. Бұл мәселені талқылаудың қорытындылары бойынша бізге әртүрлік жағдайларды ескеру үшін қолданыстағы заңнамаға, нұсқаулықтарға және өзге нормативтік құжаттарға түзету енгізуге тура келеді»».

 

Асқар Есіркегенов, «Қазахтелеком» АҚ бас коммерциялық дмректоры::

«Менің пікірімше, Қазақстанның Интернет қауымдастығы бұл мәселемен жұмыс істеуді және оған назар аударуда уақытылы бастады. Бұл бірінші кезекте Интернет желісінде қазақстандық пайдаланушылардың өсуіне негізделген. Қазір пайдаланушылар саны 20% аттады – бұл әр бесінші тұрғын іс жүзінде Интернеттің белсенді пайдаланушысы болып табылады. Осылайша, «қауіпті» контент қолжетімдірек болады. Сондықтан біздің және байланыс операторларынң, хостинг провайдерлердің, интернет қорлар мен қоғамдық бірлестктердің және мемлекеттік органдардың жалпы міндетіміз бұндай контентке шектеу қоюға мүмкіндік беретін құқықтық механизмерді табу. «Қазақтелеком» Интернет қызметтің жетекші провайдері ретінде өз тарапынан қызір әртүрлі механизмдерді қабылдауда. Атап айтқанда біз, өзіміздің пайдаланушыларымызға антивирустық бағадарламалармен шешімдерді ұсынамыз, оларда «ата-аналық» бақылаудың функциялары бар. Мысалы, ата-аналар балалры немесе одан да басқа адамдар кейбір қорларға кіре алмаулары үшін өз бетінше белгілі бір сүзгістерді орната алады. Сондай-ақ белгілі бір құралды қолданысқа енгізгіп, арнайы хаттаманы пайдаланғаннан кейін біз техникалық жағынан қордың деструктивті контенті бар-жоқтығын анықтай аламыз. Жалпы біздің ортақ міндет – жыл сайын мұндай контенттік азаюы үшін белгілі бір механизмдерді әзірле raquo;.

 

Қамшыбек Қасымбеков, Қазнеттегі «Namba.kz» ірі порталдың иесі:

Мен контентті қатаң реттеудің кезкелген механизіміне қарсымын. Меніңше ойымша, Интернеттегі контентті реттеу этика мен технологияға негізделуге тиіс.

 

Ия, ғаламдыө желіде «заңсыз ақпараттар, бейне файлдар тағы басқалар көп. Әсіресе пайдаланушыларды ұлтаралық араздыққты ааруға тарту оңай.

Мен олар бойынша осы заңсыз контентті жоюға болатын модерацияның ортақ пқағидаларын, білегілі бір реглемент әзірлеуде қазақстандық қорлардың күшін біріктіруге шешім көріп отырмын.

Бұл жерде қорлардың иелеріне де пайдаланушыларға да азаматтық жауапкершілікті білдіру қажет екендігімен келісемін.

Тәжірибе пайдаланушылар қордың әрекетін көретітнін олар оның ықпалына кіретінін көрсетеді. Егер қордың деструктивті контентке қарсы екендігіне түсінік берсе, онда ақпарат ағыны да азаяды.

Біздің порталды іске қосқанда, бір түнде порталға көп порнороликтер салып, бастыға да шығарып қою мәселесімен кездестік. Бұл бізге жеке «18+» санатына шығаруды мәжбүрледі, ол оны реттеу мен тазалауға мүмкіндік берді. Пайдаланушылар ондай ролтиктерді сонда салудың дұрыстығын түсінді. Бізге сол жерден тазалау оғай ғой. Қазір біз «18+» санатысыз контентті сүзу үшін бағдарламалық шешуге жұмыс істеудеміз.

Контентті реттеу бойынша кез келген саясат көбіне этикадан құралуға тиіс. Мәселе қорларда, заңнамада, парламентте емес, мәселе – пайдаланушыларда. Олар көп. Оларға бәрі керек.

Интернеттік ену тарапынан Қазақстанның жас ел екендігін ұмытпаған жөн. Әр жылы Интернетке алғаш рет келген жаңа пайдаланушылар келеді – оларға бәрі қажет. Олар бұл кезеңді, әр түрліні көріп, ұстағысы келген кезді өтуге тиіс. Бірақ олар бұл кезеңнен өтеді.

Бірақ әзірге Интернетке кірудің қарғынды өсуі орын алып отырғанда, мысалы ол 70-80%-ға жеткенде, онда Интернетте реттеу мәселелері де тез шешілетін болады, меніңше».

 

Игорь Лоскутов, »Юр-Инфо« ЖШС-ның директорыwww.zakon.kz:

«Жастар бізді нақты емес тұжырымдамалар үшін дұрыс сынға алады. Іс жүзінде, қастандық насихатын ««Тод и Джери» мультфилімінде де көруге болады.

 

Сондықтан, мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан ақапараттық-түсіндіру үрдісін қолдмаймын

Ресейде мысалы үшін, Бас прокуратураның жанындағы институтта нені зорлық, экстремизм және басқа деп санауға болатындығы туралы түсінікті жасылған әдістемелік ұсынымдар шығарылған. Әйтпесе мұндй ұсынымдар мен түсініктемелерсіз модераторға үлкен жауапкершілік жүктеледі, және ол саясатта да, экономикада да, филологияда да және құқықта да шебер болуға тиіс... Әлі осы уақытқа дейін Интернетте Қазақстанның шекаралары қайда екендігі белгісіз ғой».

 

 

 

Александр Ляхов, «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ-ның вице-президенті:

««Лаборатория Касперского» ірі ресейлік компанияның бас директоры Евгений Касперскийдің «ВКонтакте» әйгілі әлеуметтк желісін жасаушы Павел Дуровқа жасаған үндеуіне байланысты мысал келтіргім келіп отыр. Онда ол әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерін түсіндірген.

 

Бұл көбіне БАҚ-тарға арналады, өйткені БАҚ арқылы ата-аналарға пікір жетеді. Мен мысалыға, жеке өмірінің деректерін – баларымен суреттер, қайда демалады, қайда жұмыс істейді - жариялағанға қатаң қараймын (маған таныстарым режейтінде). Жеке өмір – бұл жеке өмір, оның жариялауға болмайды. Бұл менің бір «ауытқуым» емес. Интернет дәуіріне дейін ОТБ ақапараттың 85%-ын тыңшылар емес, инсафлердің көмегімен емес, заңды ақапараттың – газет, радио, ТВ көмегімен алынатындығын мәлімдеген. Сондай-ақ бүгін Интернет туралы айтуға болады. Қылмыскерлерде ашық ақпаратты жақсы талдай алады. Кез келген қылмыскер ресми деректерден тұрмыс дәстүрін, адамның жағдайын біле алады, мысалы қала шетіндегі дербес үйдің тұсында түскен суретін енгізсе. Бұл барлық жеке ақпарат өзіне қарсы қолданылуы мүмкін.

Әлеуметтік желілердің иелері өз пайдаланушыларының қауіпсізідігі туралы ойлауға тиіс деген пікірге келемін. Және одан да зор пайдаланушылардың өздері ойлануға тиіс».

 

Владимир Төреханов, «Қазақстанның интернет ассоциациясы» президентінің м.а.:

«Қызу байланыс (сайт пен телефон нөмірі мен барлық жүйе бойынша) орнату бойынша бізде ресейлік және еуропалық әріптестермен алдын ала келісім бар. Бұл желінің басты қағидасы – барлық жүгінулерді қабылдау мен олардың алғашқы өңдеу. Одан кейін – қор иелерімен, сондан кейін барып құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу.

 

Дөңгелек үстел кезінде: «Егер осындай заңсыз контент Казнет аймағынан тыс болса не істеу керек?» деген сұрақ бар. Ал бұндай сервисті орнатқанда, мысалы бізге Қазақстанға заңсыз контенті ресейлік сайтқа тапсырыс түсетін болса, онда іс жүзінде біз өзіміздің ресейлік әріптестерімізбен байланысып, ал олар өздерінің құқық қорғау органдарымен байланысады. осылайша, өзге елдердегі осындай ұйымдардың қатарымен келісім орнатып, әртүрле елдермен қарым қатынасты орнатуға тырысып бағуға болады.

Әлемде көп елдер ең алдымен этикаға, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке негізделіп заңсыз контент саласында жұмыс істейді».

 

Константин Горожанкин, «AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры:

««Қызу» желілердің әсері әрдайым бар. Мысалы, жолмен жүріп келе жатқанда, жанымызда келе жатқан көліктің терезесінен бір нәрсе лақтырылғанда, бізге көбіне бір жерге телефон соғып, сондай бұзақының әрекетіне шағым түсіріп, оның көлігінің нөмірін айтқымыз келеді. Осындай нәрселерді желідегі контентпен де өткізуге болады.

 

Бірақ біз бұл жерде тағы бір мәселеге ұшырауымыз мүмкін – ненің порнография, ненің өнер екеніне нақты шектеу белгілеу.

Мен Қазнеттегі заңсыз контентті келесідеу жоюды көріп отырмын. Бірінші – біз компьютердің алдында отырғанда, деструктивті контентті көргенде, қайда хабарлау қажеттігін білуіміз керек. Осы жерде «қызу» байланыс көмек көрсетеді. Второе – контенттің заңсыз заңдылығын анықтайтын белгілі бір қоғамдық кеңес болуға тиіс. Бұл шектеу өте нәзік, және бұл мәселеде толығымен құық қорғау органдарына сену – дұрыс емес.

Үшінші – егер мен тапсырыс берсем, онда өз тапсырысымды тексеруім үшін менде әлдебір ID (бірегей идентификатор) болуға тиіс. Егер біреу бұл заңсыз контент десе, онда оны кімнің айтқандығын білуім қажет.

Әрине егер де, балалар порнографиясы мен зорлық туралы материалдар болса, онда қоғамдық кеңесте де, құқыққорғау органдарында да үлкен пікір талас тумайды.

Төртінші – нұсқа ретінде, арнайы сүзгіштерді пайдалану – техникалық жағынан прокси. Яғни пайдаланушаларды Интернетті пайдалану мүмкіндігі болады, олар автоматты түрде деструктивті сайттарды автоматты түрді қысқартатын болады. Және бесінші – егер тәулігіне бір сайт бойынша «қызу» желіге тапсырыстар түсетін болса, қоғамдық кеңес оны талқылап жатқанда, ол уақытша қол жетімсіз болады. Қазнеттегі заңсыз контентке қарсы іс-қимылда осындай тәжірибелі шешім көріп отырмын. ».

 

Источник фото: www.profit.kz