Басты » Жариялым » Қазақстандық хостерлер серверлерінің қолжетімділік деңгейі

Қазақстандық хостерлер серверлерінің қолжетімділік деңгейі

Бірнеше ай бұрын мен қазақстандық хостерлері толығымен автоматты түрде хостинг қызметтерін алатын мүміндік беретінін түсінуге бел байладым. Сол кезде мен үшеуін таптым. Олар:  «Интернет-компания PS» ЖШС«SKILLTEX» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚАЖД. Бұлардың барлығы банк пластик карталарымен интернет арқылы төлем қабылдайды.

 

Мен бұл сатып алынған хостинтер қызметтерінің қолжетімділігін(availability) өлшеуге болатынын ойлап таптым. Қолжетімділік деп мен GET әдісімен сұранысқа беттің толық жүктеліп 200 кодымен жауап беру уақытының жалпы тексеру уақытына қатынасы деп түсіндім.

 

Кез-келген басқа жауапты қате деп түсінеміз. Сондықтан қолжетімділіктің мәні 1-ге жақын болған сайын хостинг қолжетімділігі жағынан сенімді болады.

Барлық хостерлерде мен минималды тарифтік пландар бойынша қызметін сатып алдым: «Интернет-компания PS» ЖШС-нен – F-1, «SKILLTEX» ЖШС-нен – База,  «Казахтелеком» АҚ АЖД-нан - KZ 1. Сайтқа бірдей php-скрипті жүктелді. Ешбір қосымша теңгерімдер жасалған жоқ.

Енді қай тәсілмен өлшеуге болатындығын таңдау керек болды. Менің таңдауым host-tracker.com қызметіне түсті. Жігіттер 2004 жылдан бері істеп келеді және бүкіл әлемде олардың қолжетімділікті тексеру жүргізе алатын  97 нүктесі бар. Ендігі қалғаны тексеру параметрлерін теңшелімдеу. Үш хостылар бойынша мен минутына бір рет php-скриптін бетте кілтсөздің бар екендігін тексеретін GET тәсілімен жүктеуді қойдым.

Үш хостинг-провайдердің екеуі бүкіл қаңтар бойынша тексерілсе, үшіншісі қаңтардың 11-31-і аралығында тексерілді. Қалыпты жұмыс уақытының жалпы тексеру уақытына қатынасы қалай есептеледі, шамамен 30% тесеру уақыты айырмашылығы соңғы нәтижеге көзге көрінерліктей әсер етпейді, бірақ мен интернет-хостинг саласындағы ең білгір мамандардың бірінің өзіне түсіндіре алмады. Сондықтан «пост әділетсіз» деген сияқты жөнсіз айыптаулар болмас үшін мен тек қаңтардың 11-31 аралығындағы барлық хостерлер бойынша ақпаратқа жүгінуге бел байладым. Мәндері үтірден кейінгі бесінші таңбаға дейін дөңгелектелген. Екер бұл зерттеу әлеуметке қызықты болып жатқан жағдайда ақпанда барлық үш хостер бойынша толық бір айлық деректер болады.

stepen-dostupnosti3
1 сурет. 2013 жылғы қаңтар күндері бойынша қолжетімділік

         

11-31 қаңтар үшін нәтижелік мәндері (үтірден кейінгі 5-таңбаға дейін дөңгелектелген)*:
— «Интернет-компания PS» ЖШС — 0,99958; — «SKILLTEX» ЖШС — 0,99836; — «Казахтелеком» АҚ АЖД — 0,99971. * бұл жағдайда 0,00001 айырмашылығы – ол қолжетімділік уақытының 18,144 секунд айырмашылығы.

                                 

stepen-dostupnosti2
2 сурет. Хостингтің қолжетімділігі (қаңтар 2013))

Сонымен, 2013 жылғы қаңтардағы тексеру нәтижесінде, қолжетімділік бойынша тестіленгендердің ішіндегі ең сенімдісі - «Қазақтелеком» АҚ АЖД хостингі (2-суреттен көріңіз)..

ОЮЛ «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы ЗТБ-не» қолдау мен дана кеңестер үшін, Қазақстандық форумына«Все Вместе» за доступ к инструментарию Host Tracker, инструментариіне мүмкіндік бергені үшін және де хостинг қызметтері үшін төлеу мүмкіндігін берген өзімнің банктік есебіме алғысымды білдірем.

Мақала авторы: Төреханов Владимир