Басты » Жариялым » Денсаулық сақтау жүйесін төменге тартатын үш кит.

Денсаулық сақтау жүйесін төменге тартатын үш кит.

 

tri-kita

Үйді жылытушы батареяға қыздырылып, 42 градусты көрсетіп тұрған градусник, бейшара бет әлпеті, көрпе астынан аздап көрінген мұрын – мектепке барғысы келмеген оқушының әдеттегі көрінісі. Балалар бұны ойын деп санап, өздерін тапқыр көреді. Үлкендер мұны күлкімен қарсы алады. Алайда шын ауру әркімді күлдіре беретіні күмәнді.

 

Негізгі себеп – ол жақын адам үшін деген қобалжу. Қазақстанда сол қобалжуға мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімсіздік қосылады. Еліміздің әр тұрғыны дерлік өзінің жағымсыз тәжірибесімен бөлісе алады немесе өзінің достарының әлде туысқандарының өмірлерінен біздің ауруханаларымыз бен емханаларымыздың жаман жақтарын көрсететін әңгімесін айтып бере алады.

 

Квалификациясы нашар дәрігерлерге деген арыздар, медицина жұмысшыларының елемеушілігі мен немқұрайлылығы және бюрократизм ешкімді таң қалдырмайтын сияқты. Көптеген адамдар кезекте тұру, дәрігердің түскі асқа, жоспарламаға немесе басқа жұмыстармен шығып кетіп қалатыны себебінен ол кезектің дәрігерге кіруге кепіл болмайтыны туралы естіп қана қоймай, өз тәжірибесінде кездестірген. Нәтижесінде денсаулықты түзеу жолы, кейде мүлдем басқа жолдар, кедергілер алабына ұқсайды.

Мұның бәрін халықтың медициналық қызметтерді бағалайтын қосалқы мәселелерге жатқызуға болады. Негізінде кезекте тұру мен учаскелік дәрігермен ұрысудан басқа да бірқатар мәселелер орын алуда. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жағынан тексеру кезінде азаматтардың еліміздың заңы бойынша кепілденген медициналық көмекке деген құқықтарының әр жердегі бұзылуы айқындалған.